Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Базалық мөлшерлеменің төмендеуі қазақстандықтардың өміріне қалай әсер етеді

Базалық мөлшерлеменің төмендеуі қазақстандықтардың өміріне қалай әсер етеді

Фото: freepik
Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов 2026 жылғы 5 маусымдағы брифингте базалық мөлшерлемені төмендету туралы шешімнің әсерін азаматтар қашан сезіне бастайтынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тимур Сүлейменовтің айтуынша, базалық мөлшерлеменің 1%-ға төмендеуі әрбір қазақстандықтың өміріне бірден әсер ете қоймайды.
"Негізі бұл құралдан не күтеміз? Әдетте базалық мөлшерлемеден кейін бизнес пен халыққа берілетін несиелердің пайыздық мөлшерлемелері өзгереді. Бірақ сонымен қатар депозит мөлшерлемелері де өзгереді. Экономикада осындай екі әсер қатар жүреді. Яғни, несие алғысы келетіндер үшін несие мөлшерлемелері бірден емес, біртіндеп төмендеуі мүмкін екенін атап өткім келеді. Ал депозиті бар азаматтар депозиттердің табыстылығы да біртіндеп азаятынын түсінуі керек", – деп түсіндірді Ұлттық банк басшысы.
Оның сөзінше, бұл – қалыпты құбылыс, өйткені депозиттер банктердің қаржыландыру базасын қалыптастырады. Қаржыландыру құны арзандаған сайын банктер де несиені төмен пайызбен ұсына алады.
Бұған дейін Ұлттық Банк 8 айда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендеткенін жазғанбыз.
05 маусым 2026 ж. 309 0

Бір күн – мың кеңес

17 тамыз 2026 ж. 72

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31