Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркітілдес журналистер қорына 12 жыл: кәсіби даму мен халықаралық ынтымақтастық

Түркітілдес журналистер қорына 12 жыл: кәсіби даму мен халықаралық ынтымақтастық

2026 жылғы 11 қарашада Түркітілдес журналистер қорының құрылғанына 12 жыл толды. Осы уақыт ішінде ұйым қазақ журналистерінің кәсіби біліктілігін арттыру, халықаралық байланыстарын кеңейту және шығармашылық бастамаларын қолдау бағытында бірқатар жобаны жүзеге асырды.

2014 жылғы 11 қарашада Алматыда құрылған Түркітілдес журналистер қорының негізгі мақсаты — журналистердің кәсіби дамуына жағдай жасау, білімін жетілдіру, халықаралық тәжірибе алмасуды дамыту және отандық медианың мүмкіндіктерін кеңейту. Қор президенті — журналист, медиаменеджер Нәзия Жоямергенқызы.

2014 жылы құрылған кәсіби мектептер мен клуб

Қор құрылған жылы оның жанынан Қазақстан Әйел журналистер клубы, Жас журналистер мектебі және Медиа тренерлер мектебі ашылды. Кейін Мәдениет, Заң және Қаржы комитеттері құрылды.

Қазақстан Әйел журналистер клубы әйел журналистердің кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтуге, қоғамдық белсенділігін арттыруға және өзара қолдау ортасын қалыптастыруға бағытталған.

Жас журналистер мектебі журналистикаға қызығушылық танытқан жастардың кәсіби қалыптасуына көмектессе, Медиа тренерлер мектебі тәжірибелі журналистердің біліктілігін жетілдіруге арналған семинарлар, вебинарлар мен шеберлік сабақтарын ұйымдастырып келеді.

Оқу бағдарламаларына Қазақстан, Орталық Азия, Түркия, Еуропа және АҚШ мамандары тартылған. Соңғы үш жылда мұндай кездесулер Қазақстанмен қатар Түркия мен Еуропа мемлекеттерінде де өткізіле бастады.

Қор енді Журналистика ардагерлерінің алқасы мен Сарапшылар кеңесін құруды жоспарлап отыр. Ардагерлер алқасы аға буынның кәсіби тәжірибесін жастарға жеткізіп, тәлімгерлік дәстүрді дамытуды көздейді. Сарапшылар кеңесі журналистік этика, ақпараттың шынайылығы, авторлық құқық және медиа саласындағы жауапкершілік мәселелерімен айналыспақ.

Халықаралық медиафорумдар және кәсіби байланыстар

Қор қызметінің маңызды бағыттарының бірі — халықаралық ынтымақтастық. Осы мақсатта Халықаралық түркітілдес журналистер медиафорумы ұйымдастырылып келеді.

2026 жылы жетінші рет өткен медиафорум әр жылдары Алматы, Астана, Стамбұл және Брюссель қалаларында өткізілді. Оған түркі мемлекеттерімен қатар Еуропа елдерінің журналистері, редакторлары, медиа сарапшылары мен кәсіби ұйымдарының өкілдері қатысты.

Стамбұлдағы VII халықаралық медиафорумда жасанды интеллект, цифрлық журналистика, ақпараттық қауіпсіздік, медианың дамуы және халықаралық тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды. Форум аясында конференциялар, семинарлар және редакциялармен кездесулер ұйымдастырылды.

2026 жылғы Еуропа сапары: бес мемлекет, сегіз қала

2026 жылдың наурыз айында Түркітілдес журналистер қорының ұйымдастыруымен Қазақ журналистер Германия, Франция, Нидерланд, Люксембург және Бельгияның сегіз қаласын қамтыған халықаралық медиа жобаға қатысты.

Сапар барысында журналистер Еуропалық парламент депутаттарымен кездесіп, еуропалық медиа ұйымдары мен кәсіби орта өкілдерімен байланыс орнатты. Кездесулерде журналистиканың дамуы, ақпарат алмасу, халықаралық ынтымақтастық және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері талқыланды. Аталған жоба Қазақ журналистердің Еуропадағы кәсіби тәжірибемен танысуына және шетелдік әріптестермен тікелей ынтымақтастық орнатуына мүмкіндік берді.

Контент және фотобайқаулар — жаңа шығармашылық бағыт

Қор халықаралық жобалар аясында журналистердің шығармашылық қабілетін дамытуға арналған «Content Battle Istanbul» контент байқауы мен «InFocus» фотобайқауын ұйымдастырып келеді.

Бұл бастамалар журналистердің халықаралық сапарлар барысында дайындаған материалдарын бағалауға, сапалы мультимедиалық контент өндіруге және кәсіби шығармашылық бәсекені дамытуға бағытталған.

Контент байқауында қатысушылар журналистік материалдар, бейнесюжеттер, репортаждар мен цифрлық платформаларға арналған жұмыстарын ұсынады. Ал фотобайқау сапар барысында түсірілген фотосуреттер арқылы елдердің мәдениетін, қоғамдық өмірін, сәулетін және адамдардың күнделікті тіршілігін көрсетуге мүмкіндік береді. Мұндай шығармашылық жобалар журналистердің жаңа форматтарды меңгеруіне, халықаралық аудиторияға арналған сапалы материалдар әзірлеуіне ықпал етеді.

2027 жылы Еуропаның бес мемлекеті мен тоғыз қаласына медиа тур жоспарланған

2027 жылдың ақпан айында «Kazakhstan – Europe Media Bridge”-2027 халықаралық жобасы аясында қазақстандық журналистердің Еуропаның бес мемлекеті — Бельгия, Франция, Германия, Нидерланд және Люксембургтің тоғыз қаласына жоба жоспарланып отыр.

Сапар барысында еуропалық журналистермен, редакция басшыларымен, медиа сарапшыларымен кәсіби кездесулер, конференциялар мен шеберлік сабақтарын өткізу көзделген.

Жоба шеңберінде контент-батл мен «InFocus» фотобайқауы қайта ұйымдастырылады. Қатысушылар сапар барысында дайындаған журналистік материалдары мен фотожұмыстарын байқауға ұсына алады.

Бұл жобаның мақсаты — Қазақ журналистердің халықаралық тәжірибесін кеңейтіп қана қоймай, Еуропа мемлекеттерінің қоғамдық өмірі, мәдениеті, экономикасы және медиа саласы туралы сапалы ақпараттық материалдар әзірлеу.

Дүниежүзілік түркі медиа ассоциациясы (World Turkic Media Association)

Халықаралық ынтымақтастықтың маңызды нәтижелерінің бірі — Түркітілдес журналистер қорының бастамасымен құрылған Дүниежүзілік түркі медиа ассоциациясы.

Алғашында Қазақстан, Нидерланд және Бельгия өкілдерін біріктірген ұйымға кейін Ұлыбритания, Франция, Түркия және Швейцариядағы әріптестер қосылды. Әзербайжан мен Қырғызстан өкілдері де мүшелікке өтініш білдірді. Ассоциация түркітілдес журналистердің кәсіби байланысын нығайтуға, бірлескен медиажобаларды дамытуға және халықаралық ақпарат алмасуды кеңейтуге бағытталған.

Журналистердің кәсіби біліктілігін арттыру

Қордың білім беру бағдарламаларында жасанды интеллект технологияларын пайдалану, ақпаратты тексеру, авторлық құқық, журналистік этика, цифрлық қауіпсіздік және медиасауаттылық мәселелеріне басымдық беріледі. Сонымен қатар гендерлік теңдік, бала құқықтарын қорғау, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жауапкершілікпен жариялау тақырыптары қамтылады.

Он екі жыл ішінде қор отандық және шетелдік медиа ұйымдарымен, редакциялармен, кәсіби бірлестіктермен және сарапшылармен ынтымақтастық орнатып, журналистерге арналған семинарлар, конференциялар мен халықаралық іссапарлар ұйымдастырды.

Он екі жылдық белес — жаңа кезеңнің бастауы

2014 жылы кәсіби мектептер мен клуб құрудан басталған жұмыс бүгінде халықаралық форумдарды, медиа турларды, шығармашылық байқаулар мен білім беру бағдарламаларын қамтиды.

2027 жылға жоспарланған Еуропа медиа туры, халықаралық контент және фотобайқаулар, сондай-ақ Журналистика ардагерлерінің алқасы мен Сарапшылар кеңесін құру — қор қызметінің келесі кезеңіндегі негізгі бастамалар.

Түркітілдес журналистер қоры алдағы уақытта да қазақ журналистерінің халықаралық деңгейдегі мүмкіндіктерін кеңейтуге, кәсіби білімін жетілдіруге және отандық медианың дамуына үлес қосуға басымдық бермек.

#түркітілдесжурналистерқоры
#әйелжурналистерклубы
#үздікжурналист2026
#қазақжурналистикасыныңүздіктері2026
13 қараша 2026 ж. 122 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30