Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ГИРЕСУН ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

ГИРЕСУН ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Түркітілдес журналистер қорының президенті Нәзия Жоямергенқызы Гиресун Журналистер одағының төрағасы Бекир Байраммен кездесті.

Бекир Байрам мырзаға Түркітілдес журналистер қоры мен Қор жанынан құрылған Қазақстан Әйел журналистер клубы, Медиа тренерлер мектебі, Жас журналистер мектебі мен Дүниежүзілік түркі медиасының ассоциациясы (World Turkic Media Association - WTMA) туралы ақпарат берген Нәзия Жоямергенқызы түбі бір түркіге ортақ медиа кеңістігін қалыптастыру, түркі елдеріндегі рухани, тарихи, саяси-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететін ортақ құндылықтарды насихаттаудың маңыздылығын айтты.

Кездесу нәтижесінде Түркітілдес журналистер қоры мен Гиресун журналистер одағы арасында жүзеге асырылатын жобалар жайлы ақылдасты.

Атап айтқанда, түркі журналистері арасында байқаулар; кәсіби білікті арттыру мақсатында семинарлар, вебинарлар, конференциялар; түркі елдерінің туризмін дамытуға ықпал ететін пресс турлар, экскурсиялар т.б.

Нәзия Жоямергенқызы кездесу соңында Гиресун журналистер одағының төрағасы мен Одақ мүшелерін Түркітілдес журналистер қоры 2026 жылы Қазақстанда өткізетін VII Халықаралық түркітілдес журналистер медиафорумына шақырды.

#түркітілдесжурналистерқоры
#фондтюркоязычныхжурналистов
#turkdilikonuşangazetecilervakfı
#turkicspeakingjournalists
#гиресун
#giresun
10 қаңтар 2026 ж. 422 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930