Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Арықтауға кедергі келтіретін 5 әдет

Арықтауға кедергі келтіретін 5 әдет

Артық салмақтан арыла алмауға нашар зат алмасу, күйзеліс және тұқымқуалаушылық жиі себеп болады. Алайда кей зиянды әдеттер де жақсы нәтиженің болмауына ықпал етеді.

Барлығын нанмен жеу
Көп отбасыда кез келген тамаққа нан қосып жеу әдеті сақталған. Нанда көп мөлшерлі көмірсулар болады. Әрине, наннан толықтай бас тартуға шақырмаймыз, бірақ оны саналы түрде жеуді ұсынамыз. Нанды таңғы асқа қосып жеуге болады. Бірақ балалық шағыңызда үйреніп қалғандай оны әр тамаққа қосып жеу дұрыс емес.

Тәтті тіскебасар жеу
Печеньемен (немесе басқа да тәтті тіскебасар) қант қосылған тәтті шай ішу арқылы қанттың күндізгі мөлшерін жеп қоюға болады. Ал оның мөлшерден асып кетуі – семіздікке әкелетін бір себеп.

Гаджетке қарап отырып тамақ жеу
Теледидары сөндірулі, ұялы телефоны алыста тұрған адамның тамақтану үлесі дұрыс болып келеді және тамақтың дәмін ұзаққа дейін сезіп жүреді. Ал адам теледидардың немесе смартфонның экранына алаңдап отқанда тамақтану бейсаналық түрде жүреді. Адам қолына түскенін аузына салып, тойғанына мән бермейді.

Ұйқыны қандырмау
Ұйқысы қанбаған адам күніне әдеттегіден орташа есеппен 300 ккал артық жеп қояды. Ағза ұйқының жетіспеуін сырттан келетін басқа энергиямен толтыру үшін көбірек тамақ қажет етеді.

Тамақты жаман және жақсыға бөлу
"Алдымен сорпаны іш, сосын кәмпит жейсің" – көпшілікке таныс сөз. Кей адамдар баласы тәттіні жеген соң ыстық тамақты жемей қояды деп ойлағандықтан солай айтады. Бірақ көпшілік жақсы көретін тәттісін жеу үшін ұнатпайтын сорпасын қинап ішеді. Содан соң олар "тәтті" десертті "дәмсіз" тамақтан кейінгі сый ретінде қабылдайды. Сондықтан қанты бар тамаққа тартып тұрмаса да дұрыс тамақтан соң тәтті жеу әдетке айналып кетеді. Түрлі тамақтың дәмінен рақат алуды үйреніңіз.
29 мамыр 2019 ж. 1 867 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930