Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан мен Түркия арасында әуе рейстері көбейеді

Қазақстан мен Түркия арасында әуе рейстері көбейеді

Түркия мен Қазақстан азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықты дамытуға және екі ел арасындағы әуе қатынасын кеңейтуге бағытталған жаңа өзара түсіністік туралы хаттамаға қол қойды. Бұл туралы Анадолы агенттігі жазды.
Қазақстан мен Түркия арасында әуе рейстері көбейеді
Фото: Pexels
Түркияның Көлік және инфрақұрылым министрлігіне қарасты Азаматтық авиация бас басқармасының (SHGM) мәліметінше, Стамбұлда Қазақстанның Азаматтық авиация комитетімен әуе қатынасын дамыту мәселелері бойынша келіссөздер өтті. Кездесу қорытындысында Түркияның Азаматтық авиация бас басқармасының бас директоры Кемал Йүксек пен Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасы Салтанат Томпиева өзара түсіністік туралы хаттамаға қол қойды.
Жаңа ережелерге сәйкес, екі ел арасындағы жолаушылар тасымалы бойынша қолданыстағы құқықтар кеңейтіліп, әуе компанияларына рейстерді икемді жоспарлауға мүмкіндік беріледі.
Атап айтқанда, Стамбұлдан Қазақстанның ірі қалаларына, әсіресе Астана мен Алматыға қатынайтын рейстердің тасымалдау мүмкіндігі артты. Сондай-ақ Анкара, Анталья және Бодрум арқылы екі елдің басқа қалалары арасында әуе қатынасын дамытуға жағдай жасалды.
Келісім аясында екі елдің әуе компанияларына аптасына 38 рейске дейін өзара тұрақты жүк рейстерін орындауға мүмкіндік берілді. Бұл Түркия мен Қазақстан арасындағы сауда және логистикалық байланысты жүк әуе тасымалы арқылы нығайтуға ықпал етпек.
Жаңа хаттама әуе компанияларына нарық жағдайына қарай өз қызметін икемді жоспарлауға қосымша мүмкіндік береді. Жаңартылған бағыттар мен әуе қатынасы құқықтары екі ел арасында жаңа маршруттар ашуға және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыруға құқықтық әрі операциялық негіз қалыптастырады.
Сонымен қатар тараптар ынтымақтастықты тек әуе тасымалымен шектемей, авиациялық қауіпсіздік, кадр даярлау, техникалық қызмет көрсету, жерүсті қызметтері, әуежайларды пайдалану және цифрландыру бағыттарында да дамытуға уағдаласты.
Тараптардың пікірінше, жаңа хаттама Түркия мен Қазақстан арасындағы авиация саласындағы достық әрі экономикалық байланыстарды жаңа деңгейге көтеріп, туризм, сауда және өзара сапарлардың дамуына серпін береді.
Айта кетейік, Қытай мен Қазақстан арасында да рейстер көбейді. Енді Астанадан Бейжіңге енді аптасына 6 рет ұшуға болады.
16 тамыз 2026 ж. 29 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31