Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көк байрағым желбіресін көгімде

Көк байрағым желбіресін көгімде

Республика күні – рухымызды көтеріп, егемен елдің еңсесін тіктейтін сәт. Бұл уақытта өскелең ұрпақты ұлтжандылыққа, отаншылдыққа тәрбиелеудің маңызы зор. Өйткені егемендік – ел үшін жанын берген ерлердің ерлігімен келген ұлы күн.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Ақорда» резиденциясының алдында Республика күніне арналған Мемлекеттік ту көтеру салтанатты рәсімі өтті. Ұлттық мереке ретінде қайта жаңғырған Республика күнін ел көлемінде атап өту осындай салтанатты шарамен басталды. Мемлекеттік ту көтеру рәсімі еліміздің барлық өңірінде жалғасты.

Халқымыздың еркіндігі мен бостандығының кепілі болған ұлттық мереке Қазалы ауданында да аталып өтті. Мерекелік іс-шараға аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет пен зиялы қауым өкілдері және құқық қорғау органдарының басшылары, мемлекеттік қызметшілер, үкіметтік емес ұйым өкілдері мен белсенді жастар қатысты.
Азаматтардың бойына ерекше патриоттық көңіл-күй сыйлайтын іс-шараға қазалылықтар да белсене атсалысты. Яғни Әйтеке би кентіндегі «Рәміздер алаңында» өткен шараға 600-ден аса тұрғын келді.
Ұлттық мерекеге арналған жиында Мемлекеттік ту салтанатты түрде көтеріліп, Әнұранымыз шырқалды. Мұнан соң аудан өнерпаздары патриоттық ән шырқап, жиылған қауымға мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Ұлттық мерекеден қалыс қалмаған аудан ақсақалы Әбілқасым Қартабаев әрбір тұрғынның көкірегіндегі патриоттық сезімді оятқан шараға алғысын білдіріп, батасын берді.
– Баршаңызды еліміздің тәуелсіздігіне жол ашқан Ұлттық мереке Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын айшықты мереке әрбір жерлесімізге шаттық сыйласын!
Жастарды отансүйгіштік қасиетке, елдік рух пен ұлттық ұстанымын берік етуге шақыратын ұлттық мерекенің маңызы зор. Көк туымыз – егемендік, азаттық, бірлік, бейбітшілік сынды ізгі құндылықтарды ұштастыратын қастерлі рәміз. Көк байрағымыз тұғырынан төмен түспей, Әнұранымыз байрақты бәсекелерде шырқала берсін, – деді ол.

Серік АҚМЫРЗА
ФОТО: Нұрлан ҚАНАТ

29 қазан 2024 ж. 229 0

Орманға қорған

21 қазан 2025 ж. 135

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 137

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 142

Рухани шамшырақ иесі

21 қазан 2025 ж. 125

Мал баққанға бітеді

21 қазан 2025 ж. 122

Ұйқыдағы үрей

21 қазан 2025 ж. 138

Алма ауызға түспейді

21 қазан 2025 ж. 134

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031