Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Биылғы 7 айда Қазақстанның ЖІӨ өсімі қанша болды?

Биылғы 7 айда Қазақстанның ЖІӨ өсімі қанша болды?

Фото: depositphotos.com
2025 жылы қаңтар-шілде аралығында Қазақстанның жалпы ішкі өнімі былтырмен салыстырғанда 6,3%-ға өскен, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Тауар өндіру көлемі 8,3%-ға, қызметтер 5,2%-ға, өнеркәсіп 6,9%-ға артты. ЖІӨ-нің өсуіне ең көп үлес қосқан салалар:
көлік және қойма - 22,5%,
  • құрылыс - 18,5%,
  • көтерме және бөлшек сауда - 8,6%,
  • тау-кен өнеркәсібі - 8,5%,
  • өңдеу өнеркәсібі – 6,1%.
Үкіметтің баспасөз қызметі мәліметінше, көлік және қойма саласындағы қызмет көлемі теміржол, құбыр желілері және автомобиль көлігімен жүк тасымалы көлемі жоғары болуына байланысты 22,5%-ға өскен.

Құрылыс саласы

Құрылыс саласында жұмыс көлемі 18,5%-ға артты. Түркістан облысында (+34,6%) мектептер, теміржол желілері және автожолдар құрылысы, Ақтөбе облысында (+25,6%) жайлы мектептер құрылысы мен жолдарды реконструкциялау, Жамбыл облысында (+13,1%) және Шығыс Қазақстан облысында (+5,9%) тұрғын үйлер, медициналық нысандар және электр желілерін салу жобаларын жүзеге асыруға байланысты жоғары өсім тіркеліп отыр.

Сауда

Сауда 8,6%-ға өсті. Көтерме сауда 9,5%-ға өсіп, жалпы өсімнің 66%-дан астамын қамтыды, бөлшек сауда 6,6%-ға артты. Айтарлықтай динамика Қостанай облысында (+17,6%), Солтүстік Қазақстан облысында (+12%) және Астанада (+9,2%) байқалды, мұнда астық, агрохимия, азық-түлік, отын, фармацевтика өнімдерін және техника сату көрсеткіштері қарқынды түрде өсіп келеді.

Өнеркәсіп

Өнеркәсіп өндірісіндегі өсім - 6,9%. Еліміздің барлық өңірінде өсім байқалды, бірақ динамика бойынша көшбасшылар - Жамбыл облысы (+18,2%), Солтүстік Қазақстан облысы (+14,9%), Шымкент (+15,8%) және Алматы (+13,5%), сондай-ақ, Түркістан облысы (+12,3%).

Өңдеу өнеркәсібі

Өңдеу өнеркәсібіндегі өсімді (6,1%) машина жасау (+14%), азық-түлік (+9,2%), мұнай өнімдері (+8,6%), химия өнеркәсібі (+6%) және металлургия (+1,3%) көрсетіп отыр.

Ауыл, орман, балық шаруашылықтары

Ауыл, орман және балық шаруашылықтарындағы өндіріс көлемі 3,7% деңгейінде сақталды. Мал шаруашылығындағы өсім сүт (+6,1%), мал, құс бордақылау (+2,1%) және жұмыртқа (+0,9%) есебінен 3,4%-ға жетті. 

12 тамыз 2025 ж. 312 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728