Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шұғыл! Павлодар маңында жер сілкінді

Шұғыл! Павлодар маңында жер сілкінді

Оның магнитудасы 4,9 балды құрады.
Фото: PixabayФото: Pixabay

Қазақстан мен Ресейдің шекаралас аумағында магнитудасы 4,9 болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 
Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институтының Деректер орталығының мәліметінше, жер асты дүмпулері 2026 жылғы 18 шілдеде Астана уақытымен сағат 02:09-да тіркелген.
Жер сілкінісінің эпицентрі екі елдің шекаралас аймағында, Павлодар қаласынан солтүстік-шығысқа қарай шамамен 200 шақырым жерде орналасқан. Эпицентрдің координаттары – солтүстік ендіктің 53,36 градусы және шығыс бойлығының 77,96 градусы, – делінген хабарламада.
Сонымен қатар, 18 шілде күні таңертең сейсмологтар тағы бір жер сілкінісін тіркеді. Бұл жолы оның эпицентрі Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 10:47-де болған.
Екі жер сілкінісінің де Қазақстан аумағында сезілгені, сондай-ақ зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.

18 шілде 2026 ж. 186 0

Бір күн – мың кеңес

17 тамыз 2026 ж. 60

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31