Емханадан балаға қандай дәрі-дәрмек пен дәруменді тегін ала аласыз
Тегін дәрілерді алудың белгіленген тәртібі бар. Олар қандай жағдайда, кімдерге беріледі?
Кей емханаларда балаларға дене қызуын түсіретін дәрілер тегін беріліп жатады. Ал кейбір емханаларда берілмейді. Неліктен?
АДҚ тізіміне сәйкес дене қызуын түсіретін препараттар: Парацетамол (таблетка немесе ректальді суппозиторий немесе ауыз арқылы қолдануға арналған ерітінді немесе ауыз арқылы қолдануға арналған суспензия) немесе Ибупрофен (таблетка немесе суспензия), амбулаториялық деңгейде балалар үшін келесі аурулардың (жай-күйлер) көрсеткіші болған кезде беріледі:
- Инфекциялық гастроэнтерит және колиттің (A04, A09), жеңіл және орташа ауырлық дәрежесіндегі барлық санаты қамтамасыз етіледі;
- Скарлатина (А38), жеңіл және орташа ауырлық дәрежесіндегі барлық санаты қамтамасыз етіледі;
- Жел шешек (B01), жеңіл және орташа ауырлық дәрежесіндегі барлық санаты қамтамасыз етіледі;
- Цитомегаловирустық ауру (B25), жеңіл және орташа ауырлық дәрежесіндегі барлық санаты қамтамасыз етіледі;
- Герпес вирусынан туындаған инфекциялар / Белдеме теміреткі (B00, B02), жеңіл және орташа ауырлық дәрежесіндегі барлық санаты қамтамасыз етіледі;
- Созылмалы панкреатит (K86.1), асқыну сатысында диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар қамтамасыз етіледі;
- Мигрень (G43), барлық санаттар қамтамасыз етіледі;
- Есту мүшелерінің қабыну аурулары (H60 H62.1 H65-H67), барлық санат, барлық кезең мен ауырлық дәрежелері қамтамасыз етіледі;
- Жоғарғы тыныс жолдарының жедел респираторлық инфекциясы (J00-J06), барлық санат, барлық кезең мен ауырлық дәрежелері қамтамасыз етіледі;
- Пневмония (J12, J13-J16, J18), барлық санаттар, барлық кезең мен ауырлық дәрежелері қамтамасыз етіледі;
- Төменгі тыныс жолдарының жедел респираторлық инфекциясы (J20- J22), барлық санаттар, барлық кезең мен ауырлық дәрежелері қамтамасыз етіледі;
- Тері және тері асты клетчаткасының инфекциясы (L00-L08), барлық санат, барлық кезең мен ауырлық дәрежелері қамтамасыз етіледі.
Жоғарыда көрсетілген дене қызуын түсіретін препараттармен республиканың барлық медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымында, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласының барлық емханасында емдеуші дәрігер тиісті диагноз қойған кезде барлық мұқтаж бала қамтамасыз етіледі.
Егер тиісті көрсетілімдер бойынша балаға дәрілік заттардың тегін тізбесінде көзделген дәрілер тегін берілетін, бірақ емханада оларды беруден бас тартқан жағдайда, ата-аналар мәселені шешу үшін емхана жанындағы пациенттерге қолдау көрсету қызметіне әрдайым жүгіне алады.
Егер емхана деңгейінде мәселені шешу мүмкін болмаса, емделушілер Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына кері байланыстың ресми арналары арқылы өтініштерін қалдыруына болады: Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, телеграммдағы SaqtandyryBot, fms.kz ресми сайты немесе 1406 нөмірі бойынша бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы.
Балалар туғанда емханада бір рет Д3 дәрумені беріледі. Ол тек қана бір рет берілетін дәрумен бе (Жалпы жылына неше рет берілуі керек)?
АДҚ тізіміне сәйкес D тобының витаминдері: эргокальциферол (D2 витамині) (ішке қабылдауға арналған тамшы немесе май ерітіндісі) немесе колекальциферол (D3 витамині) (ішке қабылдауға арналған тамшы немесе ерітінді немесе оральдық тамшылар), амбулаториялық деңгейде балалар үшін мынадай аурулар (жағдайлар) кезінде беріледі:
- Рахит (E55), 5 жасқа дейінгі балалар, күзгі-қысқы кезеңдердегі профилактика, сонымен қатар ауырлық сатысы мен дәрежесіне қарамастан емдеу қамтамасыз етіледі.
АДҚ тізіміне сәйкес D тобының витамині: Эргокальциферол (D2 витамині) (ішуге арналған тамшы немесе май ерітіндісі), балаларға амбулаториялық деңгейде келесі аурулар (жағдайлар) үшін қарастырылған:
- Целиакия (K90), диспансерлік есепте тұрған барлық санат, ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежелері қамтамасыз етіледі.
Жоғарыда көрсетілген D тобы дәрумендерінің препараттарымен республиканың медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін барлық медициналық ұйымында емдеуші дәрігер тиісті диагноз қойған кезде барлық мұқтаж бала қамтамасыз етіледі.
Жалпы тұрғындарға тегін дәрумендер беру қарастырылған ба (Қарастырылса, кімдерге және қандай дәрумендер, жылына неше рет беріледі)?
Жоғарыда сипатталған D тобы дәрумендерінің препараттарынан басқа, басқа да витаминдік препараттар АДҚ тізбесіне енгізілмеген және пациенттерді амбулаториялық деңгейде тегін қамтамасыз ету үшін көзделмеген.
АДҚ тізбесін әзірлеу және бекіту Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыреті болып табылады («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 7-бабының 47-тармағы).
Қосымша – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 75 ДСМ бұйрығы –«Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық тізбесін бекіту туралы».