Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Жаңбырлы болады»: синоптиктер тамыз айына арналған ауа райы болжамын жариялады

«Жаңбырлы болады»: синоптиктер тамыз айына арналған ауа райы болжамын жариялады

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республика бойынша найзағай ойнап, жаңбыр жауады
«Жаңбырлы болады»: синоптиктер тамыз айына арналған ауа райы болжамын жариялады
Фото: istockphoto.com
Қазақстанда жаздың соңғы айы тұрақсыз ауа райымен басталады, деп хабарлайды синоптиктер. Республика аумағы арқылы атмосфералық фронттар өтуін жалғастырады. Олар найзағайлы жаңбыр, бұрқасын жел мен бұршақ әкеледі. Елдің оңтүстік өңірлерінде шаңды дауылдар, сондай-ақ республика бойынша температураның күрт ауытқуы күтіледі. «Қазгидромет» РМК 2025 жылдың тамыз айына арналған консультативтік ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің дерегінше, тамыз айы Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райымен басталады.
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республика бойынша найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, орталықта, сондай-ақ елдің оңтүстік-шығысы мен шығысының таулы аймақтарында күшті жаңбыр, бұршақ, бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі. Оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл болжанып отыр.
Айдың алғашқы онкүндігінде:
  • республиканың батысы мен оңтүстік-батысында түнгі ауа температурасы +18…+28 °С-тан +13…+20°С-қа дейін, күндізгі ауа температурасы қатты ыстық +33…+41 °С-тан +25…+33 °С-қа дейін төмендейді;
  • Қазақстанның солтүстік-батысында түнгі ауа температурасы +7…+20 °С-тан +13…+28 °С-қа дейін жоғарылайды, күндіз +21…+35 °С-тан +27…+38°С аралығында құбылады;
  • елдің солтүстігі, орталығы және шығысында түнгі ауа температурасы +5…+13 °С-тан +12…+20 °С-қа дейін, күндіз +15…+22 °С-тан +25…+35°С-қа дейін өзгереді;
  • елдің оңтүстік өңірлерінде түнгі ауа температурасы +10…+17°С-тан +18…+25°С-қа дейін, күндіз +28…+38 °С-тан қатты ыстық +33…+40°С-қа дейін жоғарылайды.
Тамыздың екінші және үшінші онкүндіктерінде «температуралық ауытқулар» болады – ыстық күндер салқын әрі жаңбырлы күндермен алмасады.
Негізгі ауа температурасы фоны:
  • батыс өңірлерде түнде +11…+17 °С, күндіз +21…+27 °С, кей күндері түнгі ауа температурасы +18…+26°С-қа, күндіз +28…+35°С-қа, Маңғыстау облысында +40°С-қа дейін жоғарылайды;
  • солтүстік және шығыс өңірлерде түнгі ауа температурасы +4…+10°С-тан +12…+18°С-қа дейін, күндіз +16…+23°С-тан +24…+32°С аралығында құбылады;
  • орталық пен оңтүстік-шығыс өңірлерде түнде +6…+13°С-тан +15…+20°С-қа дейін, күндіз +19…+28 °С-тан +28…+36 °С-қа дейін өзгереді;
  • республиканың оңтүстігінде кей күндері күндізгі ауа температурасы +33…+42 °С-қа дейін көтеріледі.



04 тамыз 2025 ж. 133 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031