Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан ТМД елдерін басып озып, әлемдік "бақыт" рейтингінде жоғары орынға көтерілді

Қазақстан ТМД елдерін басып озып, әлемдік "бақыт" рейтингінде жоғары орынға көтерілді

Фото: freepik.com

Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 10 сатыға көтеріліп, 33-орынға тұрақтады. World Happiness Report дерегінше, ел ТМД мемлекеттері арасында ең үздік нәтиже көрсеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан World Happiness Report есебі бойынша әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 10 сатыға көтерілді. Биыл Қазақстан 147 елдің ішінде 33-орынға ие болды. Ал өткен жылы еліміз 43-орында болған еді. Осылайша, Қазақстан ТМД елдері арасында ең үздік нәтиже көрсетті.

Рейтингтегі басқа ТМД елдерінің көрсеткіштері төмендегідей:

Өзбекстан – 53-орын
Қырғызстан – 66-орын
Молдова – 77-орын
Ресей – 79-орын
Тәжікстан – 88-орын
Армения – 89-орын
Әзірбайжан – 102-орын
Украина – 111-орын.
Ал Балтық елдері ішінде:

Литва – 28-орын
Эстония – 46-орын
Латвия – 48-орын.
Әлемдегі ең бақытты ел атағын тоғызыншы рет қатарынан Финляндия иеленді. Одан кейінгі орындарда Исландия, Дания, Коста-Рика және Швеция тұр. Ал АҚШ 23-орынға жайғасқан. Ең төменгі орын тағы да Ауғанстан еліне тиесілі. Сонымен қатар, рейтингтің соңғы қатарында Сьерра-Леоне, Малави, Зимбабве, Ботсвана, Йемен және Ливан бар. Бұл рейтинг жыл сайын 20 наурыз – Халықаралық бақыт күні қарсаңында жарияланады. Зерттеуді Оксфорд университетінің әл-ауқат зерттеу орталығы Gallup және БҰҰ-мен бірлесіп жүргізеді.

Зерттеу барысында шамамен 140 елден 100 мыңға жуық адам сауалнамаға қатысады. Респонденттер өмір сапасын 0-ден 10-ға дейінгі "Кантрил баспалдағы" әдісі арқылы бағалайды. Сонымен қатар есепте жан басына шаққандағы ЖІӨ, еркіндік деңгейі, сыбайлас жемқорлықты қабылдау және өмір сүру ұзақтығы сияқты факторлар ескеріледі.

Еске салайық, бұған дейін Азия бойынша ең үздік қалалардың тізімі шыққаны хабарланған еді. Resonance Consultancy жасаған 2025 жылғы рейтингке сәйкес, Азия-Тынық мұхиты аймағындағы ең үздік қала – Сингапур. Ал екінші және үшінші орындарды Токио мен Сеул иеленді. Сарапшылар қалаларды экономикалық көрсеткіштер, мәдениет, туризм және өмір сапасы негізінде бағалаған.
21 наурыз 2026 ж. 120 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031