Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Олимпиада-2026: қазақстандық спортшылар төртінші жарыс күнін қалай аяқтады

Олимпиада-2026: қазақстандық спортшылар төртінші жарыс күнін қалай аяқтады

Олимпиада-2026: қазақстандық спортшылар төртінші жарыс күнін қалай аяқтады, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.02.2026 09:58
Сурет: Instagram/olympickz
Милан мен Кортина-д’Ампеццода (Италия) өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының төртінші жарыс күні өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Sportarena.kz мәліметінше, бұл күні қазақстандық спортшылардың қанжығасы бос қайтқан.
  • Шаңғы жарысы: Спринттік сайыста қазақстандық шаңғышы қыздар – Дарья Ряжко, Анна Мельник, Надежда Степашкина және Ксения Шалыгина – келесі кезеңге өте алмады. Ерлер арасында Виталий Пухкало, Әмірғали Мұратбеков және Наиль Башмаков та іріктеу кезеңінен аса алған жоқ.
  • Шорт-трек: Бұл сайыста да Қазақстан құрамасы іріктеу жарыстарынан өте алмады. 500 метр қашықтықта Ольга Тихонова мен Яна Хан сәтсіз өнер көрсетіп, 1000 метрде Денис Никиша ширек финалға шыға алмады. Сондай-ақ, аралас командалық эстафетада да қазақстандықтар жарысты ерте аяқтады.
  • Биатлон: 20 шақырымдық жеке жарыста Владислав Киреев 53-орын, ал Асет Дюсенов 74-орын иеленді.
  • Фристайл-могул: Ерлер арасында Павел Колмаков іріктеу кезеңінде тоғызыншы орын алып, финалдық раундқа өтті. Ал әйелдер арасында қазақстандық спортшылар үздік 20 спортшының қатарына еніп, финалға өтуге тағы бір мүмкіндік алды.
  • Мәнерлеп сырғанау: Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров қысқа бағдарламаның қорытындысы бойынша бесінші орынға тұрақтады. Оның еркін бағдарламасы 13 ақпанда өтеді.
Бұған дейін шорт-тректен аралас эстафеталық жарыста өнер көрсеткен Абзал Әжіғалиев жарыстан кейін өз әсерін бөліскенін жазғанбыз.
11 ақпан 2026 ж. 48 0

Сталкингті тоқтат

11 ақпан 2026 ж. 64

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728