Тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсету – басты назарда
Қазалы аудандық көпбейінді орталық ауруханасында тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде медициналық мекеменің материалдық-техникалық базасы жаңартылып, заманауи диагностикалық және емдеу мүмкіндіктері кеңейіп келеді.
Маңызды жобалардың бірі – мемлекетке қайтарылған активтер есебінен аудандық көпбейінді орталық аурухана аумағында жаңа медициналық нысанның бой көтеруі. 2025 жылы аурухана ғимаратына жапсарлас 42 төсектік кардиология және инсульт орталығының құрылысы жүргізіліп, өткен жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілді.
Жаңа орталықтың іске қосылуы жүрек-қан тамырлары аурулары мен инсультке шалдыққан науқастарға дер кезінде медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік беріп отыр.
Сонымен қатар ауруханаға компьютерлік томограф аппараты орнатылып, іске қосылды. Заманауи құрылғы тұрғындарға қажетті диагностикалық тексерулерді аудан көлемінде жүргізуге мүмкіндік беріп, медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға жол ашты.
Адам денсаулығы – елдің ең басты байлығы. Осы ретте Қазалы аудандық көпбейінді орталық ауруханасының мамандары тұрғындардың денсаулығын сақтауға, аурулардың алдын алуға және медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған жұмыстарды атқарып келеді.#Қазалыауданы
#Қазалыденсаулық














