Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 31 шілдеге арналған ауа райы болжамы жарияланды

31 шілдеге арналған ауа райы болжамы жарияланды

31 шілдеде Қазақстанның солтүстігі, батысы мен шығысында жаңбыр мен найзағай күтілсе, оңтүстікте аптап ыстық +44 градусқа дейін жетеді
31 шілдеге арналған ауа райы болжамы жарияланды
Фото:
© istockphoto.com
Қазақстанның батысында аптап ыстық бәсеңдей бастайды, ал оңтүстікте ауа температурасы +44 градусқа дейін көтеріледі. 31 шілдеде елдің солтүстігі, батысы және шығысының кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды,  деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +19...+21, күндіз +35...+37 градус.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +19...+21, күндіз +32...+34 градус.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел екпінді болады. Ауа температурасы түнде +22...+24, күндіз +39...+41 градус.
Ақтөбеде құбылмалы бұлтты. Түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +16...+18, күндіз +28...+30 градус.
Ақтауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +22...+24, күндіз +28...+30 градус.
Атырауда аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел де күшейеді. Ауа температурасы түнде +19...+21, күндіз +30...+32 градус.
Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +23...+25, күндіз +36...+38 градус.
Қарағандыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +31...+33 градус.
Көкшетауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +19...+21, күндіз +34...+36 градус.
Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +20...+22, күндіз +35...+37 градус.
Қостанайда құбылмалы бұлтты. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +20...+22, күндіз +32...+34 градус.
Қызылордада ашық ауа райы сақталады. Ауа температурасы түнде +25...+27, күндіз +40...+42 градус.
Павлодарда құбылмалы бұлтты. Күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +33...+35 градус.
Петропавлда құбылмалы бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +19...+21, күндіз +33...+35 градус.
Семейде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +16...+18, күндіз +31...+33 градус.
Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +14...+16, күндіз +34...+36 градус.
Таразда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел екпінді болады. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +35...+37 градус.
Түркістанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +25...+27, күндіз +42...+44 градус.
Оралда құбылмалы бұлтты. Күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі мүмкін. Жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +17...+19, күндіз +25...+27 градус.
Өскеменде құбылмалы бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +16...+18, күндіз +30...+32 градус.



31 шілде 2026 ж. 168 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31