Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ең төменгі күнкөріс деңгейі бір жылда 13% өскен

Ең төменгі күнкөріс деңгейі бір жылда 13% өскен

Өткен жылы бұр көрсеткіш 34 мың теңге болған. Қазақстанда ең төменгі күнкөрістің деңгейі бір жылда 13% өсіп, 38 мың теңге болды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы finprom.kz-ке сілтеме жасап.
Ең жоғары күнкөріс деңгейі 14-17 жас аралығындағы жасөспірім ұлдарға тиесілі, ал бұл жастағы қыздарға күнкөріс деңгейі 30% аз. Биыл қаңтарда ең төменгі күнкөріс деңгейі 38,2 мың теңге болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,7% артық. 2018 жылмен салыстырғанда ең төменгі күнкөріс деңгейі 47,4%, 2013 жылмен салыстырғанда 2,2 есе өскен. 2021 жылғы қаңтарда ең төменгі күнкөріс деңгейі бір жылда 12,7% немесе 33,9 мың теңге артқан. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің ең жоғары деңгейі Маңғыстау облысында: 41,9 мың теңге, өткен жылмен салыстырғанда 7,8% артық. Кейін тізімде елорда (41,2 мың теңге) және Алматы (39,9 мың теңге) тұр. Үздік бестікке Алматы (39,5 мың теңге) және Ақмола (38,6 мың теңге) облыстары енді. Ең төменгі күнкөріс деңгейі Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары және Шымкентте төмен. Ер адамдар үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі барлық жас санатындағы әйелдерден едәуір жоғары. Ерлер арасындағы ең жоғары көрсеткіш 14-17 жастағы ұлдарға (48,2 мың теңге), ең төмен көрсеткіш – 6 айлық және 1 жасар сәби ұлдарға тиесілі (25,1 мың теңге). Ең төменгі күнкөріс деңгейі 14-17 жастағы қыздар үшін – 36,9 мың теңге, 6 айлық және 1 жасар сәби қыз үшін – 23,6 мың теңге.
08 ақпан 2022 ж. 571 0

Табиғаттың тілі жоқ

05 мамыр 2024 ж. 41

Шаттық ұялаған шаңырақ

04 мамыр 2024 ж. 90

Сақтық – саулық кепілі

04 мамыр 2024 ж. 96

Маңызды мәжіліс

04 мамыр 2024 ж. 66

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 100

Қазақ тілі трендте

03 мамыр 2024 ж. 108

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031