Байқоңырда медициналық қызмет көрсету тәртібі туралы заңға Президент қол қойды
Мемлекет басшысы “2009 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясының “Байқоңыр” кешенін жалға алу жағдайында “Байқоңыр” ғарыш айлағының персоналына, Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай кенттерінің тұрғындарына медициналық қызмет көрсету тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы” Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.
Тиісті жарлық Ақорданың сайтында жариялады.
Бұған дейін аталған заңды ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының қабылдағаны хабарланған еді. Бұл заң бойынша Қызылорда облысындағы Байқоңыр, Төретам, Ақай ауылдарының тұрғындары енді мемлекеттен толық медициналық көмек ала алады.
Кеше – 18 қыркүйекте Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев “1996 жылғы 12 маусымдағы Табыс пен мүлiкке қосарланған салық салуды болдырмау туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасы Үкiметiнің арасындағы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасының Үкiметi арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы” Қазақстан Республикасының заңына да қол қойды.
baribar.kz