Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Паралимпиада-2024: Бүгін Қазақстан құрамасынан кімдер сайысқа түседі

Паралимпиада-2024: Бүгін Қазақстан құрамасынан кімдер сайысқа түседі

Фото: sportqory.kz
Бүгін, 2 қыркүйекте Парижде өтіп жатқан 2024 жылғы Паралимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар бір сайыс түрінен жарыс жолына шығады.

Сағат 15:00-де отырып ойнау волейболынан Қазақстан құрамасы Египетпен шеберлік байқасады.

Қазақстандық құрама бұдан бұрын Францияны 3:0 есебімен жеңсе, одан кейін Босния және Герцоговинаға 2:3 есебімен жол берді.

Ал Египет құрамасы Босния және Герцоговинаға 1:3 есебімен жеңілсе, Францияны 3:0 есебімен тізе бүктірді.

Қазір аталған топта Босния және Герцоговина көш бастап, алғашқы жолдамаға ие болды. Екінші жолдама тағдыры Қазақстан мен Египет кездесуінде шешіледі.

Қазақстан құрамасының спортшылары Париж Паралимпиадасына спорттың 9 түрінен 33 лицензия жеңіп алды.

Дүбірлі дода 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтеді.

Еске салсақ, Қазақстан пара спортшылары бұған дейін Паралимпиада ойындарында 2 алтын, 4 күміс, 1 қола медальды олжалаған болатын.
02 қыркүйек 2024 ж. 166 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 116

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 105

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 111

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930