Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Оқу-ағарту мен Қорғаныс министрлігі оқушыларға арналған бірлескен әскери жиындар өткізеді

Оқу-ағарту мен Қорғаныс министрлігі оқушыларға арналған бірлескен әскери жиындар өткізеді

Елімізде жас ұрпақтың отансүйгіштік рухын нығайтуға және әскери-патриоттық тәрбиені жүйелі түрде дамытуға бағытталған ведомствоаралық өзара іс-қимыл жаңа мазмұнмен толықтырылып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі
Осы мақсатта ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен ҚР Қорғаныс министрлігі мектеп оқушыларына арналған әскери-патриоттық бағыттағы оқу-жаттығу жиындарын бірлесіп өткізу жөнінде ортақ шешім қабылдады.
-Аталған бастама ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мен ҚР Қорғаныс министрі Дәурен Қосановтың қатысуымен өткен ведомствоаралық кездесуде мақұлданды,-делінген ҚР Қорғаныс министрлігі таратқан мәліметте.
Кездесу барысында әскери-патриоттық тәрбиені мектеп қабырғасынан бастап кешенді түрде қалыптастыру, жасөспірімдердің азаматтық жауапкершілігін арттыру мәселелері кеңінен талқыланды.
Жоба пилоттық форматта Жамбыл, Абай және Батыс Қазақстан облыстарында іске қосылады. Сол әскери жиындардың нәтижелеріне қарай, бұл бастама кезең-кезеңімен еліміздің өзге өңірлеріне де енгізілмек.
Бірлескен іс-шаралар "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери-патриоттық тәрбие, әскери қызмет және жекелеген орталық мемлекеттік органдардың функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң аясында жүзеге асырылып, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу бағытындағы мемлекеттік саясаттың нақты тетігіне айналмақ.
24 қаңтар 2026 ж. 260 0

Үш облыста жол ашылды

10 наурыз 2026 ж. 127

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031