Жыл басынан бері қылмыстық топтарға қарсы 51 іс қозғалды – ІІМ
150-ден аса күдіктіге тергеу жүріп жатыр
Фото: depositphotos.com

Фото: depositphotos.com
Қазақстанда 2025 жылдың басынан бері ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысы бар 51 адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап .
Министрлік мәліметінше, Қазақстандағы қылмыстық ортаның трансұлттық деңгейге жеткен кейбір өкілдеріне қатысты алғаш рет қылмыстық қоғам құру және оған жетекшілік ету фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.
150-ден аса күдіктіге тергеу жүріп жатыр
Қылмыстық жауапкершілікке Қазақстанда да, шетелде де ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған тұлғалар тартылып жатыр. Дәлелдер жинау жұмыстары халықаралық деңгейде де жүріп жатыр.
«Трансұлттық сипаттағы жеті ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Сонымен қатар, бір қылмыстық қауымдастық құру фактісі бойынша да іс қозғалды», деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
«Күзет» қызметі
Алматыда да қылмыстық топтарға қатысты күрес күшейтілген. Алматы қалалық полиция департаменті 2025 жылдың қаңтарынан бастап бірқатар ұйымдасқан топтарға қатысты тергеу жүргізіп жатыр.
Олардың кейбірі «күзет қызметі» деген атпен әрекет етіп, шын мәнінде:
- бұзақылықпен айналысқан
- ақша бопсалаған
- заңсыз қару сақтаған.
Соңғы екі жылда 130-дан аса адам сотталды
ІІМ дерегінше:
- Соңғы екі жыл ішінде – 90-нан аса ОПГ-ға қатысты іс сотқа жолданған
- 13 ұйымдасқан топ бойынша сот үкімі шыққан
- 130-дан астам адамға 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.