+32 градус және жаңбыр: синоптиктер үш күнге арналған болжам ұсынды
"Қазгидромет" мамандары 22, 23 және 24 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қазақстанда найзағай ойнап, жаңбыр жауады
Жаңа апта басында Қазақстан аумағы арқылы атмосфералық фронталды бөліктер өтеді. Олар өзімен бірге найзағай мен жаңбыр әкеледі.
Десе де, ауа температурасы жылдың осы мезгілі үшін қолайлы деңгейде сақталады. Синоптиктер күннің күрт суытуын болжап отырған жоқ.
Республика бойынша жел күшейеді деп күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсуі мүмкін.
Күн қай жерде ең жылы болады?
Ең жылы ауа райы еліміздің батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында болады деп күтіледі. Күндіз ауа температурасы төмендегідей болады:
батыста +25+32 градус;
солтүстік-батыста +20+31;
солтүстікте және орталық өңірлерде +18+27;
шығыста +13+23;
оңтүстікте және оңтүстік-шығыста +25+32.
Қазақстанда қазан айы қандай болады?
Бұған дейін синоптиктер Қазақстандағы қазан айына арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын. Айдың басында бірқатар өңірде әлі де салыстырмалы түрде жылы ауа райы сақталады, алайда кейіннен күн суыта бастайды.
Бұл ретте ауа райы аймақтар бойынша айтарлықтай ерекшеленеді: кей облыстарда жылы болса, басқаларында күн суытып, жаңбыр мен жабысқақ қар жаууы мүмкін. Толығырақ осы жерден оқыңыз.










