Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Корея Президенті Тоқаевқа генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін алғыс айтты

Корея Президенті Тоқаевқа генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін алғыс айтты

Корея Республикасының Президенті бес жыл бұрын Кореяға халық қаһарманы, генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтаруға көмектескені үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, корей халқы бұл ізгі істі ұмытпайтынын әрі жоғары бағалайтынын жеткізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Корея Президенті Тоқаевқа Хон Бом До сүйегін қайтарғаны үшін алғыс айтты
Фото: Ақорда
Ли Чжэ Мёң екі елдің сыртқы саясаттағы бағдары ұқсас екенін мәлімдеп, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге бейіл екенін растады. 
– Корея Республикасы мен Қазақстан сыртқы саясаттағы ынтымақтастық аясын кеңейтіп, ұлттық мүдде мен нақты нәтижеге бағдарланған прагматикалық дипломатия ұстанады. Қазақстан – біздің экономикалық қауіпсіздік саласындағы маңызды серіктесіміз. Сіздің еліңіз тек энергетикалық және табиғи ресурстарға ғана бай емес, келешегі зор жоғары технологиялық салаларда да зор әлеуетке ие. Біз өндіріске арналған озық цифрлық технологияларымыз арқылы Қазақстан өнеркәсібін жаңғыртуға үлес қосуға әзірміз. Халықаралық ахуал бұлыңғыр кезеңде елдеріміз күш-жігер мен әлеуеттерін біріктіріп, ынтымақтастықты нығайтуға тиіс. Сондай-ақ өзара тиімді негізде экономикалық өсімнің жаңа мүмкіндіктерін табуы қажет, – деді Корея Президенті.
Еске сала кетейік Корея Қазақстанда көз жұмған генерал батырының сүйегін еліне алып кеткені туралы жазған едік
Айта кетелік Қазақстан мен Корея Республикасының президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізген еді


15 қыркүйек 2026 ж. 13 0

15 қыркүйекке валюта бағамы

15 қыркүйек 2026 ж. 60

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930