Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Facebook, Instagram, Threads: енді жалған ақпаратқа ескерту қосуға болады

Facebook, Instagram, Threads: енді жалған ақпаратқа ескерту қосуға болады

Facebook, Instagram, Threads: енді жалған ақпаратқа ескерту қосуға боладыФото: depositphotos.com
Meta Community Notes атты краудсорсиң негізіндегі фактчек жүйесіне бірнеше жаңа функция енгізбек. Енді Facebook, Instagram немесе Threads-та Community Note белгісі қойылған жазбамен әрекеттескен қолданушыларға хабарлама келеді. Сонымен қатар, кез келген адам жазбаға ескертпе қосуға әрі оны пайдалы деп бағалауға өтініш бере алады. TechCrunch жазуынша, компания бұл функцияларды әзірге "сынақ режимінде" іске қосқанын айтқан, - деп хабарлайды Massaget.kz Factcheck.kz-ке сілтеме жасап.  
Meta компаниясының ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі директоры Гай Розеннің мәлімдеуінше, жүйе іске қосылғалы бері 70 мыңнан астам қатысушы 15 мың жазба қалдырған, олардың тек 6%-і ғана жарияланған. Миллиондаған қолданушысы бар АҚШ нарығы үшін бұл әлі де өте аз көрсеткіш.
Center for Democracy and Technology ұйымының мәліметінше, жалған ақпарат түзетілгенге дейін лезде тарап үлгереді. Мысалы, АҚШ-тағы сайлауға қатысты жалған ақпаратқа жазылған ескертпелердің 70%-тен астамы қолданушыларға көрсетілмеген.
Ұйым бұл жүйенің Instagram мен Reels секілді визуалды платформаларда немесе Facebook-тағы жабық топтарда қаншалықты тиімді жұмыс істейтініне күмән келтіреді. Олар Meta-ға түзетілген ақпаратты қанша адам көргенін көрсететін функция енгізуді және Notes деректерін ашық жариялауды ұсынды. Сонымен бірге компанияға платформадағы фактчекті тоқтату туралы шешімін қайта қарауға кеңес берді.
Контекст
Қаңтарда Meta корпорациясы өз платформаларында тәуелсіз фактчек жүйесін тоқтататынын мәлімдеді. Оның орнына X желісіне ұқсас "Community Notes" ("Қауымдастық жазбалары") жүйесі енгізілді. Ал халықаралық фактчекиң желісі (IFCN) және еуропалық фактчекиң стандарттары желісі (EFCSN) Meta-ның фактілерді тексеру жүйесін жою шешімін айыптап, Марк Цукербергтің онлайн цензураның көбейгені туралы мәлімдемесін сынға алды.

14 қыркүйек 2025 ж. 146 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930