Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ардагерлерді ардақтау – ұрпақ парызы

Ардагерлерді ардақтау – ұрпақ парызы

«Әділет» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы «Жастар Рухы» ЖҚ белсенділері «Ардагерлерді ардақтайық!» акциясы аясында қала тұрғыны, жалғызбасты қария Нағима Джуманазарованың шаңырағына барып, көмек көрсетті.
Жастар ардагердің ауласындағы қалың өскен шөптерді тазалап, үй айналасын ретке келтірді. Сонымен қатар, Нағима апайдың жағдайын біліп, әңгіме – дүкен құрды.
Ізгі іске ризашылығын білдірген ардагер жастарға ақ батасын беріп, алғысын жеткізді.
Ардагерлерді ардақтау - ұрпақ парызы
– Айтқандарыңның бәрі орындалып, әрқашан жолдарың ашық болсын! Жастарымыз аман болсын! Дегендеріңе жетіп, тілектерің қабыл болсын! Өмірлерің ұзақ болып, қиыншылық көрмей, жарқын өмір сүріңдер!, – деді.
Ардагерлерді ардақтау - ұрпақ парызы
Қарт ананың осы бір ауыз батасы – жастар үшін ең үлкен марапат. Өйткені үлкеннің алғысын алу – сауап, батасын алу – аманат.
Кейде үлкен өзгеріс жасау үшін үлкен нәрсе қажет емес. Бір аулаға тазалық, бір үйге көмек, бір қарияға көңіл бөлу – соның өзі үлкен ізгілік.
 
10 қыркүйек 2026 ж. 15 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930