«Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында құрмет көрсетті

Бүгін «Жастар рухы» ЖҚ-ның қазалылық белсенділері кент орталығындағы Ұлы Жеңіске өлшеусіз үлес қосқан, соғыс ардагері Тлеуберген Тубабергенов атамыздың үйіне арнайы барып, ауласын, көше айналасын қоқыстардан тазалап, қолғабыс көрсетті. Жоба аясында қолғабыс жасаған жастарға ардагердің отбасы мүшелері өз алғыстарын білдірді.
Жалпы белсенді жастар бірнеше жыл бойы «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында ардагерлерге көмектер көрсетіп, үлкендердің алғысын алып келеді.
#AMANAT
#ЖастарРухы