Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда былтыр 99,5 млн тонна мұнай өндірілді

Қазақстанда былтыр 99,5 млн тонна мұнай өндірілді

Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Мұнай-газ кешені қызметкерлері күніне орай жолдаған құттықтауында айтты.
Фото: canva
Министрдің сөзінше, өткен жыл мұнай-газ саласы үшін рекордтық көрсеткіштермен ерекшеленген. Сонымен қатар, елдегі мұнай өңдеу зауыттарында 18,4 млн тонна мұнай өңделген, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Әрбір тонна мұнай мен әрбір текше метр газдың артында үлкен еңбек, жауапкершілік пен жоғары кәсібилік тұр. Күн сайын сіздер кәсіпорындардың тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп, еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтып келесіздер", – деді Ерлан Ақкенженов.
Оның айтуынша, Қазақстан мұнай өндірумен ғана шектелмей, мұнай-газ химиясы мен газ саласын да кешенді түрде дамытып келеді. Бұл бағытта жаңа өндірістер ашылып, жұмыс орындары құрылуда.
Бүгінде Қазақстандағы газдандыру деңгейі 64 пайыздан асты. Табиғи газбен 13 млн-нан астам азамат қамтамасыз етілген.
Министр алдағы негізгі міндеттердің бірі – ел тұрғындарын газбен толық қамтамасыз ету екенін атап өтті.
Сондай-ақ, Ерлан Ақкенженов мұнай-газ саласының ардагерлеріне және қазіргі уақытта кен орындары мен зауыттарда еңбек етіп жүрген мамандарға алғыс білдіріп, кәсіби мерекемен құттықтады.
06 қыркүйек 2026 ж. 37 0

Тұғыры биік туған тіл

05 қыркүйек 2026 ж. 81

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930