Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Шіркейлі» және «Қоғалыкөл» ауылдарына табиғи газ жеткізіледі

«Шіркейлі» және «Қоғалыкөл» ауылдарына табиғи газ жеткізіледі

Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Сырдария ауданына жұмыс сапары кезінде «Шіркейлі», «Қоғалыкөл» ауылдарының тұрғындарымен кездесті.Кездесуде елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және халықтың тұрмыс сапасын арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды. Айтылған ұсыныс-пікірлер бойынша жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.
«Шіркейлі» және «Қоғалыкөл» ауылдарына табиғи газ жеткізіледі
Тұрғындар көтерген мәселенің ең негізгісі – табиғи газ. «Шіркейліге» газ жеткізу үшін биылға 400 млн теңге бөлінген, 47,5 шақырым газ құбырын тарту және 4 газ реттеу пунктін орнату жоспарланған. Жоба толық іске асқан кезде 523 үйдегі 2 689 тұрғын табиғи газ пайдаланады.
«Шіркейлі» және «Қоғалыкөл» ауылдарына табиғи газ жеткізіледі
«Қоғалыкөл» ауылын газдандыру жобасына 1,3 млрд теңге жоспарланса, биыл 320 млн теңге бөлінген. Мердігер мемлекеттік тапсырыс аясында анықталады, 40,2 шақырым газ құбырын жүргізу және 4 газ реттеу пунктін орнату көзделген.
Нәтижесінде 410 үйдің 2 506 тұрғыны «көгілдір отын» игілігіне қол жеткізеді.
«Шіркейлі» және «Қоғалыкөл» ауылдарына табиғи газ жеткізіледі
Сырдария ауданында әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика қалыптасқан. Қаңтар-шілде айларында негізгі капиталға 46 млрд 530 млн теңге инвестиция тартылды, 13 148 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді .
Шағын және орта кәсіпкерлік саласында да өсім бар. Тамыздың 1-індегі мәліметке қарағанда, 2 356 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Оның 156-сы заңды тұлға, 1 024-і жеке кәсіпкер және 1 174 шаруа және фермер қожалығы бар.
«Шіркейлі» және «Қоғалыкөл» ауылдарына табиғи газ жеткізіледі
Биыл Сырдария ауданының шаруашылықтары жалпы 32 354 гектарға егін, 142 гектарға картоп, 180 гектарға көкөніс, 368 гектарға бақша, 19 950 гектарға күріш екті. Бүгінде күріштіктің 3288 гектары орылды, 2114 гектары бастырылды. Егін орағына 843 техника қатысуда.
Суды үнемдеу және тиімді пайдалану мақсатында жаңбырлатып суару әдісімен 1150 гектарға жоңышқа егіліп, 1500 гектар жер лазермен тегістелді.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
07 қыркүйек 2026 ж. 25 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930