Қазақстанда жемқорлар небәрі екі ай ішінде 3,7 млрд теңгені жымқырып үлгерген
Қылмыстық істер бойынша 140 адам күдікті деп танылды

Фото: istockphoto.com
Қазақстанда соңғы екі айда жүздеген жемқорлық қылмыс анықталып, 140 адам күдікке ілінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҰҚК мәліметінше, биыл шілде-тамыз айларында 201 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы анықталды. Бұл қылмыстың басым бөлігі пара алуға, тонау мен алаяқтыққа, заңсыздық пен қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалануға қатысты.
«Қылмыстық істер бойынша 140 адам күдікті деп танылды. 126 қылмыстық істің тергеуі аяқталып, оның 110-ы сотқа жіберілді», – делінген хабарламада.
Анықталған залал сомасы (ақталған қылмыстық істер бойынша) 3,7 млрд теңгені құрады.
Айта кетейік, биыл маусым айында Қазақстандағы жемқорлар 4,7 млрд теңгені жымқырып үлгергені белгілі болды.
Осыған дейін Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданында жемқорлардан қайтарылған 622 млн теңгеге МРТ орталығы салынған хабарланған.












