Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның қай аймағы жемқорлыққа батқаны айтылды

Қазақстанның қай аймағы жемқорлыққа батқаны айтылды

Фото: culture.ru
Антикор мәліметтері қай өңірде жемқорлық өршіп тұрғанын көрсетті.
2024 жылы Антикор Қазақстанда 1 346 қылмыстық іс тіркеген. Оның 1 015 ісі – сыбайлас жемқорлыққа қатысты.  Бұл туранлы KYN.KZ Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Сол дереккөзге сүйенсек, жемқорлыққа қатысты қылмыстық істердің саны бойынша былтыр мына бес өңір топ бастаған:
Астана – 155 іс
Шымкент – 89 іс
Алматы облысы - 68
Алматы қаласы – 66 іс
Абай облысы – 54 іс  
Ал осы істер аясында Антикор 988 тұлғаны анықтаған, олардың ішінде «Пара алу» бабы бойынша 260 адам, «Пара беру» бабы бойынша 348 адам, «Лауазымын асыра пайдалану» бабы бойынша 52 адам, «Пара беруге жәрдемдесу» бабы бойынша 30 адам бар.
«Күдікті ретінде ұсталған 988 адамның ішінде 914 адамның кінәсі дәлелденді. Олардың жемқорлық әрекетінен мемлекетке 486,1 млрд теңге залал келген. Кінәсі дәлелденгендер 371,2 млрд теңгені қайтарып берді, 28,9 млрд теңге көлеміндегі мүлікке арест қойылды. Бұл қаражат әлеуметтік нысандарға беріледі», - деп хабарлайды Антикор.
Ал, жемқорлық фактілері нақты қандай органдарға қатысты тіркелді деген сұрағымызға агенттік төмендегідей жауап берген:
Әкімдіктер – 223
Квазимемлекеттік органдар – 106
Ішкі істер органдары – 102
Ауыл шаруашылығы министрлігі – 29
Қаржы министрлігі – 28
Төтенше жағдайлар министрлігі – 14
«Жемқорлық көп кездесетін салалар, ол білім беру, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және әлеуметтік салалар», - деп жауап берген Антикор.
02 мамыр 2025 ж. 87 0

Олар мәңгі ұрандар

01 мамыр 2025 ж. 98

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031