Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көшпенділер ойындары: «Гүлдер» ансамблі «Этно-би» байқауында Гран-при иеленді

Көшпенділер ойындары: «Гүлдер» ансамблі «Этно-би» байқауында Гран-при иеленді

Халықаралық байқау бағдарламасына Анвара Садықова, Алмат Шәмшиев, Ернұр Қарықбол және Дана Мұсаның хореографиялық қойылымдары енді
Көшпенділер ойындары: «Гүлдер» ансамблі «Этно-би» байқауында Гран-при иеленді
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының «Гүлдер» мемлекеттік ансамблі Қырғызстанда өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының Nomad Fest фестивалі аясындағы халықаралық «Этно-би» байқауында Гран-при иеленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өнер додасына Моңғолия, Түркия, Болгария, Тыва Республикасы, Саха Республикасы (Якутия), Үндістан, Пәкістан, Қырғызстан және басқа да елдерден келген кәсіби ұжымдар қатысты.
«Гүлдер» TURAN ансамблінің музыкасына қойылған «Ер Тұран» және STEPPE SONSE тобының музыкасына жазылған «Қорқыт» атты екі хореографиялық қойылымды көпшілікке ұсынды. Қазылар алқасы ансамбльдің орындау шеберлігімен қатар, балетмейстерлердің кәсіби дайындығын да бағалады. Байқау қорытындысында шығармашылық еңбектің нәтижесі ретінде Анвара Садықова мен «Гүлдер» ансамблі Гран-при иеленді.
Халықаралық байқау бағдарламасына Анвара Садықова, Алмат Шәмшиев, Ернұр Қарықбол және Дана Мұсаның хореографиялық қойылымдары енді. Сонымен қатар фестиваль барысында ансамбль кеңейтілген хореографиялық бағдарламамен өнер көрсетіп, гала-концертте Морис Равельдің музыкасына қойылған «Замана жаңғырығы» этно-балетін орындады.



06 қыркүйек 2026 ж. 33 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930