Елімізде бір күнде үш орман өрті тіркелді

pixabayҚазақстанда бір күннің ішінде үш орман өрті тіркелді. 5 қыркүйекте Ақмола, Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарында өрт шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Тағы да оқыңыздар
Алматыдағы әл-Фараби даңғылы маңында шыққан өрт тұрғындарды шошытты
Алматыда FlyArystan ұшағында өрт шығып, бір адам зардап шекті
Қазақстандағы ең ірі мұнай өңдеу зауыттарының бірінде өрт шықты
Орман қай жерлерде өртенді?
Экология министрлігінің мәліметінше, өрт туралы ақпарат түскен бойда өңірлерге қажетті күш пен техника жіберілген. Жалын анықталған сәттен бастап өрт сөндіру жұмыстары дереу басталған.
Өртті ауыздықтауға орман шаруашылығы қызметкерлері мен су төгетін құрылғымен жабдықталған «Қазавиаорманқорғау» тікұшағы жұмылдырылды.
Өрт қаупі әлі де жоғары
Экология министрлігі найзағай мен қалыптан тыс ыстық ауа райына байланысты бірқатар өңірде жаңа өрттің шығу қаупі әлі де жоғары екенін ескертті.
Орман күзеті мен «Қазавиаорманқорғау» күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілді. Мамандар әуеден және жерден бақылау жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Тұрғындардан табиғат аясында отты аса сақтықпен пайдаланып, өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау сұралды.
pixabayҚазақстанда бір күннің ішінде үш орман өрті тіркелді. 5 қыркүйекте Ақмола, Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарында өрт шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.Тағы да оқыңыздар