Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 22 сәуір ерекше күн болады: БҰҰ Қазақстанның бастамасын қолдады

22 сәуір ерекше күн болады: БҰҰ Қазақстанның бастамасын қолдады

Фото: depositphotos.com
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы Қазақстан бастамашылық еткен қарарды қабылдады. Құжатқа сәйкес, 22 сәуір Халықаралық планетаны көгалдандыру күні болып жарияланды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
Халықаралық күнді белгілеу туралы бастаманы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы қыркүйекте БҰҰ Бас ассамблеясының 80-ші сессиясының жалпы дебаттары барысында ұсынған болатын.
Қарардың тең авторы ретінде әлемнің түрлі аймақтарынан 32 мемлекет шықты, бұл аталған бастаманың халықаралық қоғамдастық үшін қажеттілігі мен өзектілігін айғақтайды.
"Қарардың қабылдануы Қазақстанның жаһандық экологиялық күн тәртібін ілгерілетуге және қоршаған ортаны қорғау, экожүйелерді қалпына келтіру, жасыл желектерді кеңейту мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру бойынша халықаралық күш-жігерді біріктіруге қосқан дәйекті үлесін көрсетеді", - деп атап өтті СІМ.
Құжат әлемдік қоғамдастықтың көгалдандыру мен табиғи экожүйелерді қалпына келтірудің маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыруға, сондай-ақ мемлекеттерді, БҰҰ жүйесін, халықаралық және өңірлік ұйымдарды, азаматтық қоғамды және басқа да мүдделі тараптарды тиісті іс-шаралар мен бастамаларды өткізуге ынталандыруға бағытталған.
"Халықаралық күнді белгілеу Қазақстанда өткізіліп жатқан, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға, аумақтарды абаттандыруға және қоғамның экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған "Таза Қазақстан" жалпыұлттық экологиялық акциясымен үндес келеді", - деп толықтырды сыртқы саяси ведомство өкілдері.
СІМ ақпаратынша, қарардың қабылдануы Мемлекет басшысының тағы бір халықаралық бастамасының іс жүзіндегі іске асырылуы болды және Қазақстанның орнықты даму мен болашақ ұрпақ үшін қоршаған ортаны сақтау жолындағы көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған тәсілдерінің сұранысқа ие екенін растайды.
04 қыркүйек 2026 ж. 43 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930