ТЖМ: дауылды ескерту жариялады
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Абай облыстарында үсік жүріп өтеді деп күтіледі.

Олардың мәліметінше, еліміздің бірқатар өңірлерінде ауа райының қолайсыздығы туындап, жаңбыр, найзағай, тұман, желдің күшеюі, шаңды дауыл және үсік жүруі мүмкін.
Найзағай, жаңбыр Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында күтіледі.
Желдің күшеюі Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында болжанады.
Үсік Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында және Абай облысында күтіледі.











