Қазақстан бойынша бүгін құбылмалы ауа райы күтіледі
Синоптиктер бүгінгі күнге ауа райы болжамын жасады.

Алматы, Жамбыл, Жетісу, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы аудандарында кей жерлерде жаңбыр аралас қар күтіледі.
Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында желдің күшеюі күтіледі.
Қостанай, Қарағанды, Жетісу, Алматы және Жамбыл облыстарында кей жерлерде тұман болжанады.










