Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Нөсер жаңбыр: Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады

Нөсер жаңбыр: Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады

Фото: istockphoto
Бүгін, 1 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының қолайсыз құбылыстары күтіледі. «Қазгидромет» мәліметінше, бірқатар өңірде нөсер жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, тұман және екпінді жел болжанып отыр.
Қатты жауын-шашын Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Алматы, Жетісу, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Атырау, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында күтіледі. Кей жерлерде желдің екпіні секундына 20–28 метрге дейін жетуі мүмкін.
Сонымен қатар, Қарағанды, Алматы, Павлодар, Ұлытау, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Абай, Түркістан, Жетісу, Ақмола, Қостанай және Қызылорда облыстарында жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында күндіз ауа температурасы 35–37 градусқа дейін көтерілсе, Алматы облысының кей аудандарында шаңды дауыл соғуы ықтимал.
Синоптиктер тұрғындарға ауа райының күрт өзгеруіне байланысты сақтық шараларын сақтауды, алыс жолға шығар алдында ауа райы болжамын нақтылап алуды ұсынады.

01 шілде 2026 ж. 217 0

Қытайда жер сілкінді

20 қазан 2026 ж. 89

Қытайда жер сілкінді

20 қазан 2026 ж. 88

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031