Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада күріш алқаптарынан 50 мың балық шабағы құтқарылды

Қызылордада күріш алқаптарынан 50 мың балық шабағы құтқарылды

Қызылорда облысында күріштік алқаптарда судың тартылуына байланысты шабақты құтқару шаралары басталды.
Шабақ құтқару акциясы
Фото: Қызылорда облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, сондай жұмыс Жалағаш ауданында атқарылды. Жұмыс барысында Шәменов ауылдық округінің күріштік алқаптарынан шамамен 20 мың балық шабағы құтқарылып, белгіленген тәртіпке сәйкес Бәйбіше көліне жіберілді.
Қызылордада күріш алқаптарынан 50 мың балық шабағы құтқарылды
Фото: Қызылорда облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
– Қазалы ауданының Ақтан батыр елді мекені маңындағы қашыртқы каналынан 30 мың балық шабағы құтқарылды. Оның 10 мыңға жуығы – табан, қалғаны – мөңке. Балық шабақтарының бір бөлігі резервтегі Тұздыкөл көліне, сондай-ақ Сырдария өзеніне жіберілді. Бұл жұмысқа 8 адам және 2 техника жұмылдырылды, – делінген хабарламада.
Бұл іс-шара су биоресурсын сақтау, оның табиғи популяциясын тұрақтандыру және күріштік алқаптарды игеру кезеңінде балық ресурсына төнген залалды азайтуға бағытталған. 
Еске сала кетсек, жуырда Атырауда қалдық суда қалған балық шабақтарының бір бөлігі қырылғанын жаздық.
02 қыркүйек 2026 ж. 150 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031