«Мектепке нық қадаммен» акциясы Қазалы ауданында
Оқу жылының қарсаңында Қазалы ауданында «Әділет» партиясының қолдауымен «Мектепке нық қадаммен» атты қайырымдылық шарасы ұйымдастырылуда.Жобаның көздегені – әлеуметтік жағдайы ерекше назарды қажет ететін жанұялардың балаларына көмек қолын созып, мектепке қажетті заттарын түгендеуге септігін тигізу.
Шара аясында оқушыларға оқу құралдарын өз қажетіне қарай таңдауға арналған арнайы сертификаттар үлестіріліп, балаларға жаңа оқу жылын қуанышпен қарсы алуға мүмкіндік берілуде.

Бұл игі бастамаға қолдау танытып, балаларға демеу болған барша демеушілер мен кәсіпкерлерге алғысымызды білдіреміз. Өскелең ұрпақтың болашағына бейжай қарамай, қайырымдылыққа үлес қосып жүрген азаматтардың еңбегі зор.
Балаға жасалған әрбір жақсылық – жарқын болашаққа бастар қадам!













