Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аманаттықтар баланы мектепке дайындауға атсалысуда

Аманаттықтар баланы мектепке дайындауға атсалысуда

«AMANAT» партиясы жаңа оқу жылы қарсаңында «Баланы мектепке даярлайық!» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясын бастаған болатын. «Баланы мектепке даярлайық!» акциясы партиялық «Бақытты отбасы» жобасы аясында дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.
Бүгін аталған акция аясында «АМАNAT» партиясы Қазалы аудандық филиалы «Көлік» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен көпбалалы және толық емес отбасылардың балаларына жаңа оқу жылына даярлауға көмек берді.
«Бұл акцияның негізгі мақсаты — балаларға қажетті құрал-жабдықтар үлестірумен бірге, оларға мейірім мен қуаныш сыйлау. Ал бүлдіршіндердің қуанышы біздің де қуанышымыз», - деп атап өтті «Көлік» БПҰ төрайымы Ләззат Ізбасқан.
Мұнан соң, шара барысында балаларға кеңсе тауарлары және басқа да қажетті заттардан тұратын сөмкелер табысталды.
Өз кезегінде жиынға қатысқан ата-аналар жаңа оқу жылы қарсаңында балаларын мектепке даярлауға жәрдем берген партия мүшелеріне өз алғыстарын білдірді.
#AMANAT
18 тамыз 2022 ж. 666 0

Өнерге толы шаңырақ

15 тамыз 2026 ж. 38

Абай күні аталып өтті

15 тамыз 2026 ж. 31

Аналар алқа тағынып...

15 тамыз 2026 ж. 32

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31