Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында 400-ге жуық жүк көлігі кептелісте тұр

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында 400-ге жуық жүк көлігі кептелісте тұр

Өткізу пунктінің алдында жүргізушілерге түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр
Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында 400-ге жуық жүк көлігі кептелісте тұр
Фото: © istockphoto.com
Жамбыл облысындағы «Қарасу» автокөлік өткізу пунктінде Қырғызстанға бағыт алған 400-ге жуық жүк көлігі жиналып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ведомство өкілдері кезектің артуын халықаралық жүк тасымалының маусымдық өсуімен, сондай-ақ Қырғызстан аумағында жүк көліктері үшін қолданылатын температуралық шектеулермен түсіндірді.
Жағдайды реттеу үшін өткізу пунктіндегі шекарашылар мен кеденшілердің жұмысы күшейтілген режимге ауыстырылды. Көлік ағынын реттеу мақсатында ішкі істер органдарымен бірлесіп, жүк көліктерінің бір бөлігі көршілес өткізу пункттеріне бағытталуда. Сонымен қатар Қазақстан тарапы Қырғызстанның құзырлы органдарымен тұрақты байланыс орнатып, жағдайды реттеу бойынша бірлескен жұмыстар жүргізіп жатыр.
«Мемлекеттік кірістер комитеті тасымалдаушыларға бағытты жоспарлау кезінде шекарадағы қазіргі ахуалды ескеруді ұсынады», — деп хабарлады ведомстводан.
Жүргізушілер мен тасымалдаушылар үшін мессенджерлерде арнайы ақпараттық арна жұмыс істейді, онда шекарадағы кезектің жай-үйі мен баламалы бағыттар туралы өзекті мәліметтер жарияланып тұрады. Сондай-ақ, өткізу пунктінің алдында жүргізушілерге түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.



30 тамыз 2026 ж. 137 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031