Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық өткізу пункттерінің маңында кептелістер болуы мүмкін

Қазақстандық өткізу пункттерінің маңында кептелістер болуы мүмкін

Фото: gov.kz
Мемлекеттік кірістер комитеті Ресей Федерациясының шекарасындағы уақытша жұмыстарға байланысты шекарадан өту кезінде балама бағыттарды пайдалануды ұсынды.
Қазақстандық өткізу пункттерінің маңында кептелістер болуы мүмкін
Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар мен тасымалдаушыларға іргелес мемлекеттің аумағындағы жөндеу жұмыстары туралы ескертті, – деп хабарлайды
Aikyn.kz.
        Орынбор облысы бойынша Ресей Федерациясының ФҚҚ Шекара басқармасының ресми ақпаратына сәйкес:
     1. 2025 жылғы 19-29 мамыр аралығында "Маштаково" автокөлік өткізу пунктінде (Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына шығу бағыты) инспекциялық-тексеру кешенінің негізін қалпына келтіру бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.
        2. Сондай-ақ, 2025 жылғы 19 мамыр мен 30 қараша аралығында Ресей Федерациясының уәкілетті органдары "Теплое" екіжақты автокөлік өткізу пунктінің аумағында жол төсемін жөндеу жұмыстарын жоспарлады.
        Жөндеу іс-шараларын жүргізу кезеңінде өткізу пункттерінің жұмысы штаттық режимде жүзеге асырылатын болады, олардың жұмыс істеу тәртібіне өзгерістер көзделмеген.
      Сонымен қатар, "Сырым" және "Тасқала" қазақстандық өткізу пункттерінің маңында көлік құралдарының қозғалысына уақытша қиындықтар туындауы және кептелістер болуы мүмкін.
       Осыған байланысты МКК тасымалдаушыларға маршруттарды алдын ала жоспарлауды және мүмкіндігінше мемлекеттік шекарадан өту кезінде балама бағыттарды пайдалануды ұсынады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.
22 мамыр 2025 ж. 185 0

Сенбідегі серпіліс

25 қараша 2025 ж. 113

Үйірменің үйретері көп

25 қараша 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930