Жаңбыр, найзағай және аптап: 29 тамызда елде құбылмалы ауа райы күтіледі
Солтүстікте күн салқындап, оңтүстік өңірлерде аптап ыстық сақталады

Фото: istockphoto.com

Фото: istockphoto.com
Синоптиктер Қазақстан бойынша 29 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Бірқатар қалада жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде нөсер жаңбыр мен желдің күшеюі күтіледі. Солтүстікте күн салқын болса, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада көшпелі бұлтты, түнде жаңбыр, күндіз аздаған жаңбыр жауады. Кей уақытта найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман түсіп, екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +9...+11°C, күндіз +19...+21°C.
Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +17...+19°C, күндіз +33...+35°C.
Шымкентте көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +33...+35°C.
Ақтөбеде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +7...+9°C, күндіз +20...+22°C.
Ақтауда көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +19...+21°C, күндіз +28...+30°C.
Атырауда аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +26...+28°C.
Жезқазғанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +27...+29°C.
Қарағандыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +19...+21°C.
Көкшетауда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +6...+8°C, күндіз +16...+18°C.
Қонаевта көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +34...+36°C.
Қостанайда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +5...+7°C, күндіз +17...+19°C.
Қызылордада аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +32...+34°C.
Павлодарда бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде нөсер жаңбыр жауып, екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +12...+14°C, күндіз +18...+20°C.
Петропавлда бұлтты, аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +6...+8°C, күндіз +15...+17°C.
Семейде көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +12...+14°C, күндіз +30...+32°C.
Талдықорғанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +11...+13°C, күндіз +34...+36°C.
Таразда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +31...+33°C.
Түркістанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +34...+36°C.
Оралда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде +5...+7°C, күндіз +21...+23°C.
Өскеменде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +12...+14°C, күндіз +28...+30°C.











