Қазақстан қалаларында 21 тамызда ауа райы қандай болады
Оңтүстік пен батыста аптап ыстық сақталып, кей өңірлерде жаңбыр жауып, бұршақ түседі

Фото: © istockphoto.com
Қазақстанда 21 тамызда құбылмалы ауа райы күтіледі. Қалалардың басым бөлігінде жауын-шашын болмайды, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түседі. Оңтүстік пен батыста ыстық ауа райы сақталса, солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде күн айтарлықтай салқын болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде +7...+9°C, күндіз +21...+23°C.
Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +20...+22°C, күндіз +30...+32°C.
Шымкентте көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +19...+21°C, күндіз +35...+37°C.
Ақтөбеде күн бұлтты, түнде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түседі. Ауа температурасы түнде +20...+22°C, күндіз +30...+32°C.
Ақтауда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +21...+23°C, күндіз +30...+32°C.
Атырауда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +22...+24°C, күндіз +35...+37°C.
Жезқазғанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +26...+28°C.
Қарағандыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде +8...+10°C, күндіз +21...+23°C.
Көкшетауда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +9...+11°C, күндіз +22...+24°C.
Қонаевта көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +19...+21°C, күндіз +31...+33°C.
Қостанайда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +27...+29°C.
Қызылордада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +21...+23°C, күндіз +33...+35°C.
Павлодарда күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +11...+13°C, күндіз +21...+23°C.
Петропавлда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде +9...+11°C, күндіз +23...+25°C.
Семейде күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсіп, екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +20...+22°C.
Талдықорғанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +11...+13°C, күндіз +28...+30°C.
Таразда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +17...+19°C, күндіз +31...+33°C.
Түркістанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +35...+37°C.
Оралда көшпелі бұлтты, түнде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +30...+32°C.
Өскеменде күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсіп, екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +21...+23°C.













