Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан қалаларында 28 тамызда ауа райы қандай болады?

Қазақстан қалаларында 28 тамызда ауа райы қандай болады?

Елдің басым бөлігінде жауын-шашын күтілмейді
Фото:
© istockphoto.com
Синоптиктер Қазақстан бойынша 28 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Қалалардың басым бөлігінде жауын-шашын күтілмейді. Жаңбыр мен найзағай негізінен солтүстікте, сондай-ақ Астанада болады. Кей жерлерде бұршақ жауып, жел күшейеді. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста көбіне жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауып, екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +12...+14°C, күндіз +24...+26°C.
Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +31...+33°C.
Шымкентте көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +17...+19°C, күндіз +34...+36°C.
Ақтөбеде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +11...+13°C, күндіз +23...+25°C.
Ақтауда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +21...+23°C, күндіз +29...+31°C.
Атырауда аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +28...+30°C.
Жезқазғанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +19...+21°C, күндіз +32...+34°C.
Қарағандыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +14...+16°C, күндіз +27...+29°C.
Көкшетауда көшпелі бұлтты, түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +19...+21°C.
Қонаевта көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +32...+34°C.
Қостанайда көшпелі бұлтты, күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +18...+20°C.
Қызылордада аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +20...+22°C, күндіз +35...+37°C.
Павлодарда көшпелі бұлтты, таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +14...+16°C, күндіз +25...+27°C.
Петропавлда көшпелі бұлтты, түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +11...+13°C, күндіз +16...+18°C.
Семейде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +28...+30°C.
Талдықорғанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +9...+11°C, күндіз +32...+34°C.
Таразда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +33...+35°C.
Түркістанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +19...+21°C, күндіз +35...+37°C.
Оралда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +22...+24°C.
Өскеменде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +9...+11°C, күндіз +25...+27°C.
28 тамыз 2026 ж. 39 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31