«Жасыл ел» еңбек жасақтарының маусымдық қорытындысы өтті
«Сыр ана» монументінің жанында жастардың еңбек маусымын қорытындылауға арналған «Жасыл ел» еңбек жасақтарының салтанатты жабылу шарасы өтті.Іс-шараға облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Каюпов, жастар ұйымдарының өкілдері, еңбек жасақтарының жетекшілері мен белсенді жастары қатысты.
Маусым барысында «Жасыл ел» еңбек жасақтарының құрамындағы жастар елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу және қоғамдық орындарды күтіп ұстау бағытында еңбек етті. Жас буынның белсенділігі өңірдің көркеюіне және қоршаған ортаның тазалығын сақтауға өзіндік үлесін қосты.

– «Жастар – елдің ертеңі ғана емес, бүгінгі қоғамның белсенді күші. Еңбекпен шыңдалып, туған жердің тазалығы мен көркеюіне үлес қосу – үлкен азаматтық жауапкершіліктің белгісі. «Жасыл ел» жобасы жастарға еңбек етуге, ортақ іске жұмыла кірісуге және ел игілігіне өз үлесін қосуға мүмкіндік беретін маңызды бастама. Сіздердің әрбір еңбектеріңіз туған жерге деген жанашырлықтарыңыздың нақты көрінісі», – деді Руслан Мұхамедәліұлы.
















