Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда дәрі-дәрмек өндірісі 37 пайызға өсіп, 191 млрд теңгеге жетті

Қазақстанда дәрі-дәрмек өндірісі 37 пайызға өсіп, 191 млрд теңгеге жетті

Қазақстан фармацевтикасы қарқынды дамып жатыр
Қазақстанда дәрі-дәрмек өндірісі 37 пайызға өсіп, 191 млрд теңгеге жетті
Фото:
istockphoto.com
Қазақстанда соңғы үш жылда фармацевтикалық кәсіпорындардың өндіріс көлемі 37%-ға өсіп, 191 млрд теңгеге жетті. Бұл қарқын 2026 жылы да жалғасып келеді: бірінші жартыжылдықта дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды шығару 126,6 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 30%-ға артық, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Үкіметтің мәліметінше, елімізде 209 фармацевтикалық және медициналық өнім өндіруші, оның ішінде 43 дәрі-дәрмек шығаратын кәсіпорын жұмыс істейді. 2026 жылғы тамыздағы жағдай бойынша отандық өнімнің үлесі заттай түрде 40,3%-ға жетті. Қазақстандық компаниялар дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 2 994 атауын тіркеді.
«Ассортимент те кеңейіп келеді: отандық кәсіпорындар бактерияға қарсы, жүрек-қан тамырларына арналған, ауырсынуды басатын және қабынуға қарсы препараттарды, орталық жүйке жүйесінің ауруларын емдеуге арналған дәрі-дәрмектерді және басқа да қажетті құралдарды шығарады. Сонымен бір мезгілде ұзақ мерзімді сатып алу тетігі дамуда. 2026 жылдың басындағы мәлімет бойынша, 31 отандық өндірушімен 2 022 өнім атауын жеткізуге 83 шарт жасалған. Кәсіпорындар үшін бұл болжамды сұраныс пен қуаттылықты жүктеуді, өндірісті кеңейтуді және жаңа препараттарды шығаруды алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді. Дәрілік заттар GMP стандарттары бойынша шығарылады. Саланың дамуына халықаралық фармацевтикалық компаниялар да араласуда. AstraZeneca, Pfizer және Roche компаниялары өндірісті локализациялау және технологияларды Қазақстанға беру жобаларына қатысуда. Фармацевтика өнеркәсібіне инвестициялар 2025 жылы 56%-ға өсіп, $142,8 млн-ға жетті, 2026 жылдың I тоқсанында тағы $7,1 млн тартылды», – делінген Үкімет хабарламасында.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша фармацевтикалық өндірістерді салу және кеңейту бойынша сегіз ірі жоба жүзеге асырылуда. Оларды іске қосу Қазақстанда алғаш рет онкологиялық, жүрек-қан тамырлары, аутоиммунды, орфандық және инфекциялық ауруларды, сондай-ақ қант диабетін емдеуге арналған препараттарды қоса алғанда, 494-тен астам дәрілік заттарды шығаруды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Осылайша, фармацевтика саласы өндіріс аясын кеңейту мен технологияларды  локализациялаудан бастап, өңірлерде дәрі-дәрмектің қолжетімділігін арттыруға дейін бірнеше бағыт бойынша қатар дамып келеді.



28 тамыз 2026 ж. 40 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31