Жаңбыр, бұршақ және күн суытады: 28 тамызда Қазақстанда ауа райы қандай болады?
Солтүстік циклоны елдің басым бөлігіне жаңбырлы ауа райын әкеледі. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жекелеген аудандарда нөсер жаңбыр, бұршақ және дауыл болуы мүмкін. Күндіз ауа температурасының айтарлықтай төмендеуі күтіледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап.
Астана - күн бұлтты, кей кездері жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 24-26 градус жылы.
Алматы - күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 31-33 градус жылы. Іле Алатауы тауларында (Алматы қаласы Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) - жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 5-10, күндіз 20-25 градус жылы.
Шымкент - күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 34-36 градус жылы.
Ақмола облысы - түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 9-14, күндіз 18-23, облыстың оңтүстігінде, шығысында 26 градус жылы. Көкшетау - күн бұлтты, түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 19-21 градус жылы.
Алматы облысы - жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні секундына 18 метр. Ауа температурасы түнде 15-20, облыстың таулы аудандарында 5-10 градус жылы, күндіз 30-35 градус қатты ыстық, облыстың таулы аудандарында 20-25 градус жылы. Қонаев - күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 32-34 градус жылы.
Жетісу облысы - жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, Алакөл көлдері ауданында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 15-20, облыстың орталығында, таулы аудандарында 9 градус жылы, күндіз 30-35 градус қатты ыстық, облыстың таулы аудандарында 25 градус жылы. Талдықорған - күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 32-34 градус жылы.
Түркістан облысы - жауын-шашынсыз. Күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 8-13, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 17-22, облыстың таулы аудандарында 14, күндіз 32-37, облыстың таулы аудандарында 28 градус жылы. Түркістан - айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде 19-21, күндіз 35-37 градус жылы.
Батыс Қазақстан облысы - жауын-шашынсыз. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 8-13, облыстың оңтүстігінде 17, күндіз 22-27 градус жылы.Орал - күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 22-24 градус жылы.
Атырау облысы - жауын-шашынсыз. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 13-18, күндіз 25-30 градус жылы. Атырау - ашық, жауын-шашынсыз. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 1-6, күндіз секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 28-30 градус жылы.
Маңғыстау облысы- облыстың солтүстік-батысында, орталығында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 20-25, облыстың солтүстігінде 17, күндіз 32-37, облыстың батысында 29 градус жылы. Ақтау - күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 21-23, күндіз 29-31 градус жылы.
Ақтөбе облысы - жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 9-14, облыстың солтүстігінде 6, оңтүстігінде 17, күндіз 21-26, оңтүстігінде 29 градус жылы. Ақтөбе - күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 1-6, күндіз екпіні секундына 10 метр. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 23-25 градус жылы.
Қостанай облысы - облыстың шығысында, солтүстік-шығысында жаңбыр, найзағай, батысында, солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 8-13, облыстың оңтүстігінде 16, күндіз 17-22, оңтүстігінде 27 градус жылы. Қостанай - күн бұлтты, күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 18-20 градус жылы.
Солтүстік Қазақстан облысы - түнде жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 9-14, күндіз 15-20, облыстың шығысында 23 градус жылы. Петропавл - күн бұлтты, түнде жаңбыр, найзағай, бұршақ. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 16-18 градус жылы.
Павлодар облысы - түнде облыстың батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, шығысында, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстіктен соғып, кейін солтүстік-батысқа ауысатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз облыстың шығысында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 13-18, күндіз 23-28 градус жылы. Павлодар - күн бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстіктен соғып, кейін солтүстік-батысқа ауысатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 25-27 градус жылы.
Қарағанды облысы - түнде облыстың солтүстігінде, шығысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз облыстың солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай жарқылдап, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел оңтүстіктен соғып, бағытын солтүстік-батысқа ауыстырады, жылдамдығы 7-12, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні секундына 15 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 12-17, облыстың оңтүстігінде 20, күндіз 25-30, облыстың батысында 22 градус жылы. Қарағанды - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстіктен соғып, бағытын солтүстік-батысқа ауыстырады, түнде 3-8, күндіз секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 27-29 градус жылы.
Ұлытау облысы - жауын-шашынсыз. Жел оңтүстіктен соғып, бағытын солтүстік-батысқа ауыстырады, жылдамдығы 9-14, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 16-21, облыстың солтүстігінде 13, күндіз 29-34, облыстың солтүстігінде 26 градус жылы. Жезқазған - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстіктен соғып, бағытын солтүстік-батысқа ауыстырады, жылдамдығы 9-14, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 19-21, күндіз 32-34 градус жылы.
Шығыс Қазақстан облысы - жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан 9-14, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында секундына 15-18 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 6-11, облыстың оңтүстігінде 14, облыстың таулы аудандарында 3 градус жылы, күндіз 24-29, облыстың таулы аудандарында 19 градус жылы. Өскемен - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан түнде 2-7, күндіз секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 25-27 градус жылы.
Абай облысы - жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, бағытын оңтүстік-батысқа ауыстырады, жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 8-13, облыстың оңтүстігінде 17, күндіз 25-30, облыстың оңтүстігінде 33 градус жылы. Семей - көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан түнде 4-9, күндіз секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 28-30 градус жылы.
Қызылорда облысы - жауын-шашынсыз. Күндіз облыс орталығында шаңды дауыл тұрады. Жел солтүстік-батыстан 8-13, күндіз облыс орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 17-22, күндіз 33-38, облыстың солтүстігінде 30 градус жылы. Қызылорда - аздап бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 35-37 градус жылы.
Жамбыл облысы - жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 9-14, облыстың таулы аудандарында секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 15-20, облыстың таулы аудандарында 10, күндіз 31-36, облыстың таулы аудандарында 28 градус жылы. Тараз - күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа
ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 33-35 градус жылы.









