Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда жұмыспен қамту деңгейі артып келеді

Қазақстанда жұмыспен қамту деңгейі артып келеді

Ең жоғары өсім жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар саласында тіркелді – 37 мың адам.
Фото: istockphoto
2026 жылдың II тоқсанында жүргізілген халықты жұмыспен қамту бойынша іріктемелі зерттеу нәтижелеріне сәйкес, Қазақстан экономикасының түрлі салаларында 9,4 млн адам жұмыспен қамтылды. Оның ішінде 7,3 млн адам жалдамалы жұмыс істесе, 2,1 млн адам өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарында, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жұмыспен қамтылғандардың ең жоғары үлесі сауда саласына тиесілі – 16,8%. Одан кейін білім беру – 13,3%, өнеркәсіп – 12,4%, ауыл шаруашылығы – 10,5%, көлік және қоймалау – 7,1%, құрылыс – 6,8%, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету – 6,6% салалары орналасқан.
2025 жылдың II тоқсанымен салыстырғанда бірқатар салаларда жұмыспен қамтылғандар саны артты. Ең жоғары өсім жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар саласында тіркелді – 37 мың адам. Білім беру саласында жұмыспен қамтылғандар саны 31,1 мың адамға, денсаулық сақтау саласында 21,2 мың адамға өсті.
Сондай-ақ өнер, ойын-сауық және демалыс салаларында жұмыспен қамтылғандар саны 15,1 мың адамға, кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет саласында 7,7 мың адамға, қаржы және сақтандыру қызметінде 7,4 мың адамға артты.
27 тамыз 2026 ж. 169 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031