Жұмыспен қамтылғандардың басым бөлігі сауда саласында істейді
Коллаж
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елде түрлі салаларда 9,2 млн адам жұмыспен қамтылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАНДАР
Ресм жұмыспен қамтылғандардың ішінде жалдамалы қызметкерлер – 7 млн адам (жалпы санның 76%), өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 2,2 млн адам (жалпы санның 24%)
15 және одан жоғары жастағы халықты жұмыспен қамту деңгейі 65,2%.
2023 жылғы 3 тоқсанмен салыстырғанда биылғы сәйкес кезеңде жалпы жұмыспен қамту 127,8 мың адамға, негізінен жалдамалы жұмыскерлер (104 мың адамға) есебінен өскен, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар есебінен статистика 23,7 мың адамға артқан.
САЛАЛАР БОЙЫНША БӨЛІНІС
Жұмыспен қамтылғандардың ең көп үлесі төменгі салаларда:
Сауда – 16,7%
Білім – 12,9%
Өнеркәсіп-12,5%
Ауыл шаруашылығы – 11,8%
ЖҰМЫССЫЗДЫҚ
Жұмыссыздық деңгейі 448,6 мың адамды немесе 4,6% құраған. Жұмыс істемейтін және білім алумен немесе оқыумен айналыспайтын NEET жастарының үлесі – 6,4%.
2024 жылдың қыркүйек айының соңында жұмыспен қамту органдарына жұмыс іздеп жүрген адам ретінде 84,1 мың адам жүгінген. Жұмыспен қамту бойынша барлығы 54,2 мың іс-шаралар көрсетілген. 2,8 мың адам кәсіптік оқытуға немесе қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберілді, 2 мың адам қоғамдық жұмыстарға қатысты.
ҚР ЕХӘҚМ жұмыспен қамту органдарында 2024 жылғы қыркүйек айының соңына 298,9 мың адам жұмыссыздар ретінде ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздардың үлесі 2023 жылдың 3 тоқсанымен салыстырғанда 0,2 п.т. түсті және жұмыс күшінің санынан 3,1% құрады.