Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дезодорантты қалай қолданған жөн?

Дезодорантты қалай қолданған жөн?

Фото: depositphotos.com
Фармацевт Эдуардо Паломеро дезодорантты дұрыс қолдануға қатысты маңызды кеңес берді. Маман оны көп адам терлегенде немесе душтан шыға сала қолданатынын, алайда бұл дұрыс емес екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz lenta.ru-ға сілтеме жасап.
Эдуардо Паломероның сөзінше, кей адамдар жаттығудан кейін тер иісін басу үшін дезодорант қолданады. Енді бірі оны душтан шыққан бойда жағады. Алайда дезодорантты дымқыл теріге жағуға болмайды. Себебі мұндай жағдайда оның әсері әлсірейді.
"Ең дұрысы - дезодорантты таза әрі құрғақ теріге жағу. Оны таңертең қолданған жөн. Сонда құрамындағы белсенді заттар жақсы әсер етуге жеткілікті уақыт алады", - деп түсіндірді фармацевт.
Маман дезодорантты шамадан тыс қолданбауға да кеңес берді. Шаригі бар дезодорантты теріге екі рет жүргізсе жеткілікті. Ал аэрозоль түріндегі дезодорантты алдымен шайқап алып, шамамен 15 сантиметр қашықтан шашу керек.
24 тамыз 2026 ж. 51 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31