Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Күннен қорғайтын құралдарды қолдануда жіберілетін қателіктер

Күннен қорғайтын құралдарды қолдануда жіберілетін қателіктер

Жаз мезгілі де келіп жетті. Ендеше, күнге дұрыс күю мен суға түсу кезеңіне дайындалуымыз керек. Кей жағдайда денеңізге күннен қорғайтын крем жақсаңыз да, күнге біртегіс күймеуіңіз немесе крем теріні тіптен қорғамауы мүмкін. Оның басты себебі — күннен қорғайтын құралдарды қолдануда жіберілетін қателіктер. Төменде SPF сүзгісі бар кремдерді жағуда жіберілетін қателіктер тізімін ұсынамыз.

Құралды жеткілікті мөлшерде қолданбау Кез келген күннен қорғайтын құралдарды молынан жағу қажет. Сондықтан, оны үнемдеудің қажеті жоқ. Еуропалық комиссия мәліметі бойынша, күннен қорғайтын кремді адам денесіне толықтай жағу үшін орташа есеппен 6 шай қасық крем керек екен. Жаңартып жақпау

Кез келген күнен қорғайтын крем, әсіресе, суға түскен соң жаңартуды қажет етеді. Сондықтан судан шыққан кезде кремді қайтадан жағыңыз. Құрғақ теріге қарағанда ылғал тері жылдам күйетінін есте сақтаңыз. Күннен қорғайтын құралдың қаптамасында суға төзімді екені жазылса да, судан шыққан соң қайтадан жағып алыңыз.

SPF құралын дұрыс таңдамау Күннің зиянды сәулесі терінің тез қартаюына себепші болады. Сондықтан кез келген SPF сүзгісі бар құралдар сәуледен қорғауға негізделіп жасалады. Шындығында, ешбір құрал теріні зиянды сәуледен 100 % қорғамайды. Теріңіздің түсі ашық болған сайын SPF деңгейі де жоғары болуы тиіс.

Спрейді сыламау

Күннен қорғайтын құралдардың спрей түрінде сатылатын түрлері де бар. Оны теріге бойлату жеңілірек, себебі оны теріге тек шаша саласыз. Көпшілік жіберетін қателіктің бірі — сондай спрейлерді теріге шашқан соң сыламау. Сондықтан оны да крем секілді теріге шашқан соң, тегіс етіп жағып шығу қажет. Күннен қорғайтын құралды ғимаратта қолданбау.

Кей адамдар күн сәулесі әйнектен өтпейді деп қателеседі. Егер сіз көлікте отырсаңыз немесе жұмыста терезенің жанында отырсаңыз, теріңіз қорғанысты қажет етеді. Сондықтан жаз мезгілінде күннен қорғайтын құралдарды күнде жағып шыққан жөн.
zhambylnews.kz
14 маусым 2019 ж. 1 841 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930