Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Хайлайтерді қалай жағу керек?

Хайлайтерді қалай жағу керек?

Хайлайтер – макияжды жылдам жөндеуге немесе теріні жарқыратуға көмектесетін құрал. Алайда өзіңіз қалаған әсерді алу үшін бірнеше базалық ережені білу керек. Ендеше, хайлайтерді қолдану нұсқаулығын ұсынамыз.
Хайлайтер – беттің шығыңқы жерлерін айқындауға және жарқыратуға арналған ұсақ жарық шағылыстыратын бөліктерден тұратын құрал. Ол крем, опа және флюид түрінде шығарылады. Оның кремді және сұйық түрлерін саусақтарыңызбен жаға аласыз, ал опа түрін жағуға қылқалам керек.
Хайлайтер теріге таза өң беру үшін оны кемшіліктері жоқ теріге жағу керек. Әйтпесе, әр безеу немесе дақ одан әрі көрініп тұрады. Хайлайтерді өте жұқа етіп жағу керек. Бұл жерде "қаншалықты аз болса, соншалықты жақсы" деген ереже жүреді. Егер хайлайтерді көп жағып қойсаңыз, шырша ойыншығына ұқсап қалуыңыз мүмкін.
Хайлайтерді маңдайдан бастап жағыңыз. Маңдайдың ортасына көлденеңінен бірнеше нүкте етіп хайлайтер тамызып, оны жақсылап уқалай жағасыз. Содан соң оны шығыңқы бет сүйегіне жағыңыз. Хайлайтерді кейде мұрын үстіне де жағады, бірақ ол мұрын пішініне қарай және терінің майлы немесе майлы еместігіне қарай оны үлкейтіп немесе кішірейтіп көрсетеді. Сондықтан үйден өзіңіз тәжірибе жасап, жаққанда немесе жақпағанда қалай тұратынын зерттеңіз. Хайлайтерді қастың үстіне аздап жағу арқылы көзді айқындауға болады. Көзді визуалды түрде үлкейту үшін хайлайтерді көздің ішкі бұрышына жағыңыз. Ең соңынан хайлайтердің аз мөлшерін ерін үстіндегі ойыңқы жерге жағыңыз. Ол ерінге аздап көлем береді.
25 желтоқсан 2019 ж. 1 252 0

Егемен елге еге – мен!

25 қазан 2025 ж. 130

Елімен бірге есейген

25 қазан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031